Студенттер, президентті мақтайтын пост жазыңдар

Malim Админ

  • 30.06.2021

Өзбекстанда Самарқанд пен Әндіжан мемлекеттік университеттерінің студенттеріне әлеуметтік желілерде президентті мақтаған пост жазып, сынаушыларға қарсы теріс пікірлер қалдыруды тапсырған.

Бұл туралы Азаттықтың өзбек қызметі аталған оқу орындарының студенттеріне сілтеме жасап, хабарлады.

Самарқанд мемлекеттік университеті филология факультетінде оқитын студенттердің айтуынша, оқу орнының басшылығы Facebook және Youtube' тағы президент саясатын сынаған посттарға қарсы теріс пікірлер жазуға мәжбүрлеп жатыр.

«Кураторымыз фесбукта президентті сынаған пікірлерге қарсы теріс комментарийлер жазуға мәжбүрлеп жатыр. Мен бас тартып, екі күннен бері ешнәрсе жазған емеспін. Бүгін жазуға мәжбүрледі», - дейді аты-жөнін айтқысы келмеген студенттердің бірі.

Ол әлеуметтік желілерде қандай посттарға пікір қалдыру керектігін деканның орынбасары тапсырып отырғанын айтады.

«Олар бізден трольдар армиясын құрмақшы. Әркім өзінің жеке ойын білдіріп жатыр. Неге біз оларға қарсы пікір жазуымыз керек. Адамдар елде не боп жатқанын өздері де көріп жатыр. Декан орынбасары Миржалол Боботаев бас тартқан студенттер оқудан шығарылады деп қорқытып жатыр», - дейді ол.

Студенттердің бұл айтқандары бойынша аталған оқу орнынан пікір алуға мүмкін болмады.

Әндіжан мемлекеттік университетінің студенттері мен оқытушылары да осы жағдайды айтып отыр. Бірақ оқу орнының рухани-ағарту істері бойынша проректоры мұның бәрін теріске шығарды.

Фото: mynamaz.ru

 

Байланысты жаналықтар

Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

16.04.2025

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

14.04.2025

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

11.04.2025

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

11.04.2025

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

09.04.2025

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

06.04.2025
MalimBlocks
Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

Форум «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі Орталық Азия. Стратегиялық даму құралы ретіндегі медиа» деп аталады

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

Өнер иесі денсаулыққа мән беру керектігін еске салды.

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

Тамыры терең тарихпен астасқан мәдени мұра мекені — Ұлытауды бірге аралап, ерекше әсерге бөленейік!

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

Әділет министрлігі қазақ әндерін Instagram-ға қайтарғалы жатыр

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

Өнер иесінің туындысы Еуропа тыңдарманының көңілінен шыққан.

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

Бұл – қазақтың дәстүрін, киелі Маңғыстау мұрасын және түркіхалықтарының тарихын кеңінен насихаттауға арналған бірегей мәдени кеңістік