457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Шымкенттік ұстаз - «100 жаңа есім-2021» жеңімпазы

Бүгін «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының IV маусымы қорытындыланды. Басты жеңімпаз болып, 3 мыңға жуық қатысушының арасынан Шымкент  қаласының ұстазы Керимбекова Роза Аршабайқызының есімі аталды.  Роза Аршабайқызы М. Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі.

«Қазақстанның 100 жаңа есім-2021» жобасының жеңімпаздарын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтап, мемлекетімізді өркендетуге айрықша үлес қосып жүрген азаматтарға алғысын білдірді.

 «Білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу – бұл аса маңызды мемлекеттік міндет. Еліміздің болашағы дарынды, отаншыл жастардың қолында болуы керек. Солай боларына кәміл сенемін. Осы стратегиялық мақсатқа қол жеткізу үшін жүйелі реформаларды міндетті түрде жалғастырамыз», – деді президент Қ.Тоқаев.

Биылғы маусым жеңімпазы, төрге шыққан шымкенттік ұстаз Роза Аршабайқызы талай республикалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздарын дайындаған білікті маман.