Тоқаев Ұлттық музейдегі өнер туындылары көрмесін тамашалады

Президентке әйгілі италиялық суретші Леонардо да Винчидің «Әдемі ханшайым» (La bella principessa) картинасының түпнұсқасы көрсетілді.

Malim Админ

  • 06.06.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Ұлттық музейге арнайы барып, отандық және әлемдік бейнелеу өнері туындыларының көрмесімен танысты, деп хабарлайды Malim.kz.

Президентке өнертанушы Ольга Батурина қазақстандық талантты қылқалам шеберлерінің туындылары жинақталған «Дала кескіндемесі: рәміздер, бояулар, бейнелер» атты көрмені таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа әйгілі италиялық суретші Леонардо да Винчидің «Әдемі ханшайым» (La bella principessa) картинасының түпнұсқасы көрсетілді.

Танымал туындының көрмесі Ұлттық музейдің 10 жылдығына орай Италияның «Scripta Maneant» баспасымен бірлесе ұйымдастырылған.

Жоғары Ренессанс дәуіріне жататын бұл құнды жәдігер Еуропадан тысқары жерге алғаш рет шығарылып отыр. Көрме еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Италияның Қазақстандағы елшілігінің және Италия мәдениет институтының қолдауымен өтіп жатыр.

Елорда тұрғындары мен қонақтары Леонардо да Винчидің осынау бірегей туындысын 4 тамызға дейін тамашалай алады.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Румыния президенті Никушор Данға құттықтау жеделхатын жолдады

20.05.2025

Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттады

20.05.2025

Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктен құлады

19.05.2025

Тоқаев Мажарстанға барады

19.05.2025

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025
MalimBlocks
Тоқаев Румыния президенті Никушор Данға құттықтау жеделхатын жолдады

Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттады

Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктен құлады

Тоқаев Мажарстанға барады

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді