Ұлт батырынан ұлттық мұражайға тарту

  • 13.05.2021

Нұр-Сұлтандағы Ұлттық мұражайды еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы, Вэл Баркер кубогының  иегері Бақтияр Артаевпен кездесу өтіп, даңқты боксшымыздың жеке құнды заттарын мұражай қорына тапсыру рәсімі өтті.

Мәдениет және спорт министрлігі мен Ұлттық мұражайдың «Спорт батырлары» атты бірлескен жобасы аясында ұйымдастырылған шараның мақсаты – елімізде дене шынықтыру мен спортты кеңінен насихаттау, жастарды салауатты өмір салтына баулу. Сонымен қатар, әлемдік аренада ел намысын абыроймен қорғаған Қазақстан спортшыларына тиесілі тарихи заттарды сақтап, оны келешек ұрпаққа дәріптеу.

Айтулы шараға Спорт және дене шынықтыру істері комиетінің төрағасы, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Болат Жұмаділов, Бақтияр Артаевтың ұстазы Нұрлан Ақүрпеков және Ғалымбек Кенжебаев бастаған Қазақстан құрамасының жігіттері мен былғары қолғапты енді ғана киген жас боксшылар қатысты.  

Кездесу барысында сөз алған Бақтияр Артаев осындай жобаны іске асыруға ұйытқы болған спорт басшыларына және Мұражай ұжымына алғысын білдірді.

«Мен спорттағы жеңістерім, жетістіктерім арқылы бүкіл елге, әлемге танымал болдым. Ел намысы сынға түскен сәтте аянып қалған кезім болған емес. Өйткені, менің артымда қолдаушым – халқым болды. Олимпиада чемпионы деген мәңгілік тозбас атаққа елдің қолдауы мен ықылас-ниеттерінің, дұға-тілектерінің арқасында қол жеткіздім. Сондықтан, халқыма алғысым шексіз.

Осы ретте Олимпиада ойындарында және де көптеген халықаралық жарыстарда киген жейделерімді, бокс қолғабымды естелік ретінде қалдыру үшін Ұлттық мұражайға табыстап отырмын. Енді жүз жылдан кейін келешек ұрпақты «Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев қандай киім киді екен, дене бітімі қандай болды екен» деген сұрақтар мазалап жатса, осы мұражайдан көруге болады», - деді Б.Артаев.

Сонымен қатар, кездесу барысында Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев жиынға қатысқан жас боксшыларға Бақтияр Артаевтың жетістігін мысалға келтіре отырып, Олимпиада ойындарында үздік атануға кез келгеннің мүмкіндігі барын айтты. Ол үшін спорт пен білімді ұштастыра біліп, талмай еңбек ету қажет деді. Жиын соңында Комитет төрағасы болашақта «Спорт батырлары» жобасы арқылы осындай игі-шаралар көптеп ұйымдастырылатынын жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін дәл осындай шара Мәдениет және спорт министрлігі мен Елбасы кітапханасы арасында да ұйымдастырылып, онда елімізге белгілі спортшылар мен спорт ардагерлері өздерінің құнды заттарын Елбасы кітапханасына өткізген болатын. Олардың арасында  Данияр Елеусінов (бокс), Әлия Жүсіпова (көркем гимнастика), Юрий Мельниченко (грек-рим күресі), Гузель Манюрова (әйелдер күресі), Илья Ильин (ауыр атлетика), Бейбіт Ыстыбаев (қазақ күресі), Мөлдір Мекенбаева (джи-джитсу) сынды танымал спортшылар болды.

 

Суреттер Б.Артаевтың «Instagram» парақшасынан алынды

Нұрсана Қанағатқызы,
174 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы

Байланысты жаналықтар

Том-том жарысты кім тияр?

21.10.2024

«Он алты жасар чемпион» телехикаясы эфирге шықты

20.10.2024

Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығы есімі берілген ауылда ерекше аталып өтті

19.10.2024

Бүгін Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына — 100 жыл

19.10.2024

Илон Масктың анасы Алматыға келді

16.10.2024

Қазақстанда Арменияның мәдениет күндері басталды

15.10.2024
MalimBlocks
Том-том жарысты кім тияр?

Ептілер жазушы еңбегін әділ бағалаудан гөрі ебін тауып екі асағаннан аса алмай келеді

«Он алты жасар чемпион» телехикаясы эфирге шықты

Ахметпен бірге «ауылда қалыңыз, балаларды жаттықтырыңыз» деп қосыла айтқың келетіндей

Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығы есімі берілген ауылда ерекше аталып өтті

Ал туған аулында батыр атындағы аллея ашылып, бюст қойылды

Бүгін Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына — 100 жыл

Илон Масктың анасы Алматыға келді

Сапар барысында Мэй Маск Ықылас Дүкенұлы атындағы Ұлт аспаптар мұражайына барды

Қазақстанда Арменияның мәдениет күндері басталды