Жазушы Кәрім Мәсімовтің 4 кітабы. Біреуі тіпті құпия...

Мұндай еңбекті 700 жазушысы бар Жазушылар одағынан осы күнге дейін жазбаған

  • 26.10.2021

ҰҚК Төрағасы К. Мәсімов Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында кітаптар шығатынын осы мекеменің сайты мәлімдеді.

«Комитет Төрағасы генерал-лейтенант Кәрім Мәсімовтің жалпы редакциясымен «Отандық арнаулы қызметтің хроникалары. Адамдар, оқиғалар, фактілер туралы хикаялар», «Мемлекеттік шекара» кітаптары басылымға дайындалды. Кітаптар ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекетіміздің шептерін қорғау ісіне лайықты үлес қосқан жедел қызметкерлер мен шекарашылардың қызметі туралы баяндайды.

Басылымдарға қазіргі уақытта құпиясыздандыруға болатын жайттар ғана енгізілді. Оның негізінде – нақты адамдар, оқиғалар мен фактілер, олар оған тікелей қатысушылардың эмоциясын жеткізетін қатаң деректі стильде мазмұндалған. Кітаптар өз оқырмандарын табады деп ойлаймыз» делінген хабарламада.

Сайт хабарламасында жазушы К.Мәсімовтің өз редакциясымен басылып шығып жатқан кітаптарына қатысты қазақша қиналып айтқан толғамын да беріпті. Онысын төменде назарларыңызға ұсына кеткенді де жөн көрдік. Жалпы, енді шенеунік, бизнесмен Кәрім Мәсімовті кәсіби жазушы қатарына қосып, оны Жазушылар одағына қабылдай беруге де болатын шығар. Олай дейтін себебіміз, К. Мәсімов бұған дейін жасанды интеллект туралы «Следующий властелин мира» атты кітап жазып тастаған. Мұндай тақырыптағы еңбекті 700-ден астам жазушысы бар Жазушылар одағынан осы күнге дейін жазбаған. Оны бұйым көрмесеңіз, Кәрім Мәсімовтің «Ахмет. Ұлт Ұстазы» атты кітабы және бар. Әрине, қазақта ахметтанушы көп. Бірақ, сол көптің бәрі бір Мәсімовке жетпей тұр. Неге десеңіз, биыл Ахмет Байтұрсынұлы туралы телехикая түсіріп жатыр. Сол телесериалды түсірушілер К.Мәсімовтың кітабынан ғана сүйеніп, сол кітаптың желісімен ғана жүріп келеді. Ал мұндай құрмет Жазушылар одағындағы жеті жүз жазушының біріне де бұырмаған. Бір қызығы, К.Мәсімов Ахмет Байтұрсынұлы туралы кітабын 2011 жылы шығарып тастаған. Көп қазақ ондай кітаптың барын мұнда ғана білді. Қолдарына күндіз шам алып, сол кітапты іздеп-ақ жүр. Бірақ, Мәсімовтің кітабы таптырмайды.

 

 

Байланысты жаналықтар

Жәкішев Мәсімовтің зәулім үйін сатып алғаны рас па?

27.03.2025

Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі тағы аукционға қойылды

12.03.2025

Астанада Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі сатылмай қалды

25.02.2025

Олигарх Клебанов Қазақстанда қалай байыды?

19.02.2025

Кәрім Мәсімовтің үйін сатылымға шығарды

10.02.2025

Қытайтанушы Сыроежкин: Мені Мәсімов тікелей бақылап отырды

24.01.2025
MalimBlocks
Жәкішев Мәсімовтің зәулім үйін сатып алғаны рас па?

Ресейлік БАҚ-тар қазақстандық кәсіпкер Мұхтар Жәкішев Кәрім Мәсімовтің үйін сатып алды деген ақпаратты таратты

Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі тағы аукционға қойылды

Оның бастапқы бағасы - 1,8 млрд теңге.

Астанада Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі сатылмай қалды

Үйдің құны 1,8 млрд теңгеге бағаланған

Олигарх Клебанов Қазақстанда қалай байыды?

Ол заңсыз жекешелендірген байлық мемлекетке қайта ма?

Кәрім Мәсімовтің үйін сатылымға шығарды

Нысанның бастапқы бағасы 1,8 млрд теңгені, кепілдік жарна – 117,9 млн теңгені құрайды. Сатылым 25 ақпан күні сағат 10.00-де өтеді. 

Қытайтанушы Сыроежкин: Мені Мәсімов тікелей бақылап отырды