Жазушы Мұхтар Мағауин дүниеден озды

Мәди Саматұлы

  • 10.01.2025

Кемеңгер жазушының бақилық болғаны жайлы ұлы Едіге Мағауин әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Арыстан ӘКЕМ фәниден бақиға аттанып кетті, АҚШ-тың Мерилэнд штатындағы үйінде, бала-шағасының ортасында, 2025 жылғы қаңтардың 9-ы, жергілікті уақыт бойынша сағат 19:55-те (Қазақстан уақыты бойынша қаңтардың 10-ы, сағат таңғы 5:55), деп жазды ұлы Едіге Мағауин.  

Мұхтар Мұқанұлы Мағауин – 1940 жылы 2 ақпанда Семей облысының Шұбартау ауданында туған.

1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1965 жылы оның аспирантурасын бітірген.

Еңбек жолын 1965 жылы бастады. «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі ретінде бастаған.

Әр жылдары «Жазушы» баспасында бас редактордың орынбасары, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер блоып істеп, Мәскеуде М.Горький атындағы Әдебиет институтында қазақ фольклоры мен қазақ әдебиеті тарихы бойынша арнайы лекциялық курстар жүргізген.

«Жазушы» баспасының бас редакторы, «Жұлдыз» журналының бас редакторы болған.

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әдебиет зерттеушісі, Қазақстанның Халық жазушысы, Түркияның Халықаралық «Түркі дүниесіне қызмет» сыйлығының сахибы. «Аласапыран» тарихи романы үшін Қазақ КСР-інің Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілген.

2008-2015 жылдар аралығында «Шыңғыс хан және оның заманы» тарихи деректі тетралогиясын жазды.

2015 жылдың шілдесінде АҚШ-қа түпкілікті қоныс аударып, 2019 жылы шығармаларының 5 томдық «Толық жинағын» баспаға әзірледі.

Фото: magauin.com

Байланысты жаналықтар

Байден биліктен кеткеннен кейін Трамптың саясатын алғаш рет сынады

16.04.2025

Зеленский: Түркияда Қара теңіздегі қауіпсіздік келіссөзі жүргізіледі

16.04.2025

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

15.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

«Мен мінген тікұшақтың бірі құлады»: Балжан Бидаш Нью-Йорктегі апаттан соң пікір білдірді

14.04.2025

Трамп бір жыл ішінде 1 миллион мигрантты депортацияламақ

14.04.2025
MalimBlocks
Байден биліктен кеткеннен кейін Трамптың саясатын алғаш рет сынады

Зеленский: Түркияда Қара теңіздегі қауіпсіздік келіссөзі жүргізіледі

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

«Мен мінген тікұшақтың бірі құлады»: Балжан Бидаш Нью-Йорктегі апаттан соң пікір білдірді

Ол тыңдарманына алғысын жеткізді.

Трамп бір жыл ішінде 1 миллион мигрантты депортацияламақ

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың әкімшілігі елдегі мигранттарды жаппай депортациялауды қайта қолға алып, алғашқы жылы ішінде 1 миллион адамды елден шығаруды мақсат етіп отыр