Жазушы Тұрлыбек Мәмесейіт қайтыс болды

Қаламгер 74 жасында өмірден озды

Malim Админ

  • 20.09.2023

Бүгін жазушы, баспагер Тұрлыбек Мәмесейіт 75 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. 

Тұрлыбек Мәмесейіт – 1949 жылы 17 ақпанда Хантәңірі қойнауындагы Текес өңірінде дүниеге келген. 1975 жылы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 1975-1977 жылдар аралығында «Жетісу» газетінде қызымет атқарған. “Жазушы” баспасында редактор, аға редактор, редакция меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1996-1998 жылдар аралығында «Өнер» баспасында бас редактор, 1998-1999 жылдары “Рауан” баспасында жетекші редактор болып қызмет атқарды. 1999-2001 жж. «Атамұра» корпорациясында редактор, 2001-2008 жж. Астанадағы «Елорда» баспасында Бас редактор болып қызмет істеген. 2008 жылдан Астана-Полиграфия АҚ Баспа басқармасының Бас редакторы, Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінің оқытушысы сынды қызметтер атқарған.

«Тоғысқан толқын», «Зерделілік айнасы», «Дидар» атты әдеби сын, «Беторамал», «Түсіме тау кіреді», «Бесік пен несіп», «Плач охотника», «Әулиешоқы», «Тектінің кегі», «Тау», «Қарқара көтерілісі», «Жасын түскен маусым» атты әңгімелер, хикаяттар мен повестер жинағының, екі томнан тұратын «Таңжарық» тарихи романының авторы. Бірқатар шығармалары қырғыз, түрікмен, орыс, қытай тілдерінде жарық көрген. «Тауда өскен ұл» повесі баспа комитеті мен «Жалын» баспасының жабық бәйгесінде сыйлыққа ие болған. «Егіз елдің әуені», «Шерхан Мүртаза» атты зерттеу еңбектерінің авторы. Филология ғылымдарының кандидаты. Соңғы жылдары М.Әуезов атындағы Академиялық драма театрында «Бәкей қыз» атты драмасы сахналанды. 1996 жылы Жамбылдың 150 жылдығына орай Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлыққа ие болса, 2000 жылы «Әулиешоқы» атты повестер жинағы үшін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанды. 

Байланысты жаналықтар

Алтай симфониясын қарасөзбен жазған суреткер

28.09.2023

Партия құрып, Сібірге айдалған жазушы өмірден өтті

03.02.2023

Гүлжан Амангелдіқызы: «Талант туған топырақтан ажырамауы керек»

20.04.2022

"Арсыз адам өліктен де жаман". Сервантестің нақыл сөздері

08.03.2022

Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов өмірден өтті

05.02.2022

Жазушы Аягүл Мантайдың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

30.07.2021
MalimBlocks
Алтай симфониясын қарасөзбен жазған суреткер

Айманына деген сағыныш, «перзент сүю» сылтауымен оны ренжіткені, оның соңы қайғылы қаза...

Партия құрып, Сібірге айдалған жазушы өмірден өтті

Елін сүйген ерлер партиясын құрған

Гүлжан Амангелдіқызы: «Талант туған топырақтан ажырамауы керек»

Әңгімелерімнің басым бөлігі өзімнің басымнан кешкендерім, сезінгендерім

"Арсыз адам өліктен де жаман". Сервантестің нақыл сөздері

Қайғырған адамның жалғыз дауасы – қасіретін бөлісетін жанның болуы.

Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов өмірден өтті

Романдары әлемнің бірнеше тіліне аударылған.

Жазушы Аягүл Мантайдың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды