Жеңісін Елбасына арнағандар елге сөзін арнай ала ма?   

Спортшылардан жалғыз Қуат Хамитов қана елмен бірге болып, алаңға халықты қолдап шыққаны мәлім.

  • 24.01.2022

Еліміздің спортшылары мен әншілері талай мәрте Қазақстанның атын асқақтатып, жеңіс биігінен көрінгені белгілі. Алайда ел үкілеп бәйгеге қосқандар жеке басқа табынудан алдына жан салмады. Олар жеңісін Қазақстанға емес, Елбасына арнаймыз деп жағымсынудың ерен үлгісін көрсеткені кеше ғана. 

Геннадий Головкин кәсіпқой бокста талай мәрте топ жарып, әлемнің «мен-мен» деген мықтыларын тізе бүктіргені мәлім. Айтулы боксшы жеңісті сәтіндегі ілтипат сөзін үнемі Назарбаевқа жеңісін арнайтынын айтатын.  

Ол 2016 жылы америкалық Доминик Уэйдті жеңді. Сол жылы  Елордада өткен  Қазақстан халқы Ассамблеясының жиынында  Елбасының атына хат жолдады.  Хатта  «Жеңісімді Сізге, Нұрсұлтан Әбішұлы арнаймын! Сізге мықты денсаулық пен игілік тілеймін!» деп ағынан жарылған-ды.  

Кәсіпқой бокстың тағы бір шебері Әли Ахмедов әр жеңісі сайын елбасына алғыс айтуды ұмыт қалдырмайтын.  Спортшы жоғарыдан көрінуі үшін тер төккен бапкеріне емес, дем берген халқына емес, алдымен Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс жаудырудан танбайтын.

Даңқты Данияр Елеусіновтің де Назарбаевқа жеңісін жеткізуден  жағы талмады. Ел біріншіліктерінде, халықаралық додаларда жарқырай көрініп, тіпті Олимпиада чемпионы атанған былғары қолғап шебері жағымпаздықтан да ада болған жоқ. 

«Барлық кездесу қиын соқты. Бастысы – мақсат орындалды. Мен бұл жеңісімді Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаевқа арнаймын» дегені жұрт жадында. 

Боксшы Фируза Шәріпова да осы санатта.  Ол тіпті рингке Назарбаев  бейнеленген футболканы киіп шығатын.Фируза Шарипова өз жеңісін Елбасына бағыштап, үлде мен бүлдеге оранғандардың бірі. 

Жерлесіміз,  жүзуші Зүлфия Ғабидуллина әлем чемпионаттарында, паралимпиадада рекорд орнатып, жеңіске жеткен спортшы.  Ол да жеңісіне басты себепкер Нұрсұлтан Назарбаев екенін мақтанышпен айтатын.    

Назарбаев әр жыл сайын «Көктем шуағы» кездесуін өткізетін. Әр саладағы үздіктерге марапат жауатын шара еді, бұл. Сый-сияпартқа бөленген әйелдер алғыс айтуды да ұмытпайтын. Назым Қызайбайдың «Қазақстандағы әрбір спортшының жеңісі – бұл біздің алаңсыз спортпен айналысуға барлық жағдайды жасаған Елбасының жеңісі. Сондықтан да, шаршы алаңдағы әрбір жеңісімді Сізге арнаймын" - деген сөзі бұқаралық ақпарат құралдарында өріп жүр.

«Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпаздары да Назарбаевқа жағымпаздануды мәртебе санайтын.  Осы доданың бірнеше дүркін чемпионы атанған Айбек Нұғымаров пен Бейбіт Ыстыбаевтар «Ұлт көшбасшысына» жеңістерін арнайтын. Қомақты жүлдемен қалтасын қампайтқандар, өз қаласынан пәтерге де ие болды.     

Оқи отырыңыз: Шәміл Әбілтай: «Елбасы» күйін өртеп жібердім, Тоқаевтың үндеуінен соң жаңа күй шығардым 

2014 жылы әнші Жанар Дұғалова Turkvizyon халықаралық байқауында үздік атанды. Бүгінімнен бабаларымның  «ізін көрем» деп жеңіске жеткен Жанар ата-бабасын Назарбаевқа айырбастап, алғыс білдіргені ел есінде.

Алда замананың күрт құбылып, елдегі ахуалдың нашарлайтынын олар сезбеген де болар. Алайда Назарбаев жүйесі сынға алынып, командасындағы шенеуніктердің былығы ашылғаны күні кеше.  Қаңтар трагедиясында адам шығыны болып, мемлекет басына қара бұлт үйірілгенде бұл бишікештер жұмған аузын ашпады.  Елбасына алғыс арнаушылар қаралы елге сөзін арнаудан қалғаны ма? 

Спортшылардан жалғыз Қуат Хамитов қана елмен бірге болып, алаңға халықты қолдап шыққаны мәлім. Ел болашағына алаңдаған боксшы не көрсе де халықпен бірге көріп, спорттық мансабын аяқтауға мәжбүр болды. Ал бұл алғыс айтушылар  сонда кіммен бірге?! 

Айбын Атабай  

Оқи отырыңыз: Кыргызский «террорист»: Моя спина была черно-синего цвета

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Байланысты жаналықтар

40 жастағы Головкин 42-ші жеңісіне жетті

09.04.2022

Қазақ күресі: Кәрім Мәсімов нәтиже берген жоқ

05.04.2022

Б.Артаев: Лукас Қызайбайды қорқытып, жанжалды өзі қоздырып отыр...

11.09.2021

Қыздарымызда қырық медаль

31.05.2021

"Қуаттай батырларға Бекболаттай жыраулар аға боп жүретін"

15.09.2020
MalimBlocks
40 жастағы Головкин 42-ші жеңісіне жетті

«Рақмет, жігіттер! Алға Қазақстан»

Қазақ күресі: Кәрім Мәсімов нәтиже берген жоқ

Арман Шораев қазақ күрестің жанкүйері ғана

Б.Артаев: Лукас Қызайбайды қорқытып, жанжалды өзі қоздырып отыр...

Бокс федерациясының вице-президенті Бақтияр Артаев Malim.kz сайтының бүгінгі қазақ боксындағы кемшіліктер мен дауларға қатысты сұрақтарына жауап берді.

Қыздарымызда қырық медаль

"Қуаттай батырларға Бекболаттай жыраулар аға боп жүретін"