Жыршы-термешілер орталығы жұмысын бастады

Malim Админ

  • 11.03.2024

Айтыс – бағзыдан төл өнерді мұғжизасына айналдырған данагөй халқымыздың   құнын жоймас жауһар қазынасының бірі. Ал жыр мен терме осы сөз өнерінің одан әрмен ел ішінде  кең таралуына сеп болған арналы бағыт. Аталған баға жетпес байлықты ұмыт қалдырмай, болашақ ұрпаққа табыс етіп, жас ақындарды тәрбиелеу айқын мақсат дер едік. Жуырда  Тараз шаһарында ашылған  Жамбыл облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығы соның жарқын мысалы.

Тараздың қақ төріндегі мәдени мәні, зері бөлек орынның ашылуына Мәжіліс депутаты, ақтаңгер ақын  Аманжол Әлтай бастаған бір топ айтыскер мен аймақтағы зиялы қауым өкілдері ортақтасты. Жамбыл жеріне табан тіреген  меймандар  ғимарат ішін аралап, орталықтың тыныс-тілшілігінің қалай екендігімен  танысты.

«Даңқы даңғайыр Жамбылдай жыр жүйрігінің жолын жалғастыру міндетіміз. Мынадай ақ шаңқан ордадан әлі талай ақын қанатын қатайтып, топшысын бекітері сөзсіз»,-деді  Аманжол Әлтай мырза.       

Руханиятқа серпін берер орталық екі қабатты ғимаратта орналасқан. Бірінші қабатта жыршы-термешілер бөлмесі мен жас айтыскерлер клубы, ал үстіңгі бөлігінде қызметкерлерге арналған орын мен мәжіліс залы орын тепкн. Алдағы уақытта мұнда  дыбыс жазу студиясы ашылмақ.

Облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығының директоры    Ахметжан Өзбеков аймақта сөзден кесте тігіп, жасындай жарқылдап жүрген таланттар шоғыры қалыптасып үлгергенін жеткізді.  Болашақта көкөрім жастар республика көлемінде дүбірін айқын танытады деп сенеміз деген сертке толы  сенімін  білдірді.

Халық ауыз әдебиетінің озық үлгісі Жамбыл өңірінде жақсы өріс тапқан. Мұнда еліміздің атын республикалық, халықаралық деңгейде шығарып жүрген айтулы ақындар жетерлік. Бұл орталық жыршы-термешілердің тағы бір қуатты легінің пайда болуына оң ықпал етпек.  Айта кетуге тиістіміз, осы іспетті орталықтар елдің бірқатар аймағында жемісті жұмыс істеп жатыр. Рухани орында  шыңдалған жас шайырлар үлкен сахнаға бет түзейді.    

Байланысты жаналықтар

Сүйінбай мен Қатағанның айтысы (ВИДЕО)

24.07.2024

Биыл Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл

22.08.2023

Мемлекеттік сыйлықтың сиқы қашты. Әдебиет төңірегінде тағы шу

19.08.2022

Ринат 10 жыл бұрын Сатыбалды мен Назарбаевты қалай мақтады?

02.08.2022

Хәйләйлім деген топ құрсақ қалай?

11.11.2020
MalimBlocks
Сүйінбай мен Қатағанның айтысы (ВИДЕО)

1848 жылдың қоңыр күзінде қырғыздың бай шонжар манабы Орманхан шешесіне ас береді. Бұл жиынға аралас құралас отырған қазақтың Тезек төре, Бөлтірік шешен бастаған игі жақсылары бір қауым ел болып қатысады. Астың ақындарсыз өтпесін білген ақын жанды Тезек төре елге атағы жайылып, таныла бастаған Сүйінбай ақынды ала барады.

Биыл Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл

«Алтайдың кербұғысы» атанған жазушы-драматург Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл толуына орай Шыңғыстай ауылында Оралхан Бөкей музей үйі ашылады.

Мемлекеттік сыйлықтың сиқы қашты. Әдебиет төңірегінде тағы шу

Шығармашылық ісіне рудың қаншалық қатысы бар?

Ринат 10 жыл бұрын Сатыбалды мен Назарбаевты қалай мақтады?

Кешелі бері Ақсуаттағы айтыстағы Зайытов пен Байтуов жұбы хит болып жатыр. Жұрт "Ринат шындықты айтты" деп шулап жүр. Ол қандай шындық деп, айтысты арнайы көрдік. Адамның сөзі заманмен бірге өзгере береді екен.

Хәйләйлім деген топ құрсақ қалай?