Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Дариғаның өкілеттігін тоқтатуға құдасы да қол көтерді

Мәдениет
Дариғаның өкілеттігін тоқтатуға құдасы да қол көтерді

Дариға НАЗАРБАЕВАНЫҢ Сенат спикері қызметінен кеткеніне екі күн өткенде Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы да оның парламенттік өкілеттігін тоқтатты.

ОСК-нің Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Д.Н. Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату туралы  қаулысында:

«Қазақстан Республикасы Президентінің «Д.Н. Назарбаева туралы» 2020 жылғы 2 мамырдағы № 315 Жарлығының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды деп белгіленсін»,  делінген.

Айта кету керек, ОСК төрағасы Берік ИМАШЕВ – Назарбаеваның туған құдасы. Нұрали Әлиевтің қайын атасы. Кейбір сарапшылар Имашев 2016 жылы ОСК төрағасы болып қызметке тағайындалғанда сол кезде парламент сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның Сенат төрағасы болып сайлануы енді оңайланды деп болжаған.

Еске салсақ, 2 мамыр күні Сенат спикері Дариға НАЗАРБАЕВАНЫҢ өкілеті президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ жарлығымен тоқтатылған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу