Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Дәрігерлер денесінің 70%-ын күйік шалған жүкті әйелді құтқарды

Денсаулық
Дәрігерлер денесінің 70%-ын күйік шалған жүкті әйелді құтқарды

ШҚО-ның дәрігерлері денесінің 70% бөлігін күйік шалған 20 жастағы Диана Долгованың өмірін сақтап қалды. Әйел жүктіліктің 25-аптасында жүрген.


Медицина қызметкерлері кәсіби біліктілігінің арқасында зардап шеккен әйелдің өмірін сақтап қана қоймай, аман-есен босандырып алды. Нәрестенің салмағы – 2,2 келі, бойы – 50 см.

Диана Бородино ауылынан Алтай қаласындағы ауданаралық ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жеткізілген. Науқастың басын, мойнын, кеудесін және аяқ-қолдарын бірінші, екінші және үшінші дәрежедегі күйік шалғаны анықталды. Облыстық орталық мамандарының консилиумынан кейін тікұшақ жіберу туралы шешім қабылданды.

Ауданға құрамында облыстың бас реаниматологы Галина Семенова, фельдшер Назым Бейсенбаева бар бригада ұшып жетті. Зардап шеккен әйел Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медицина орталығына жеткізілді.
- Біздің дәрігерлер – әлемдегі ең үздік мамандар. Олар қызым екеумізді аман алып қалу үшін мүмкін емес нәрсе жасады. Алда әлі ұзақ реабилитация күтіп тұр, бірақ ең қорқыныштысы артта қалды. Дәрігерлердің арқасында аман қалдым, ем алуды жалғастырамын, – дейді Диана Долгова.

Жас анаға теріні ауыстыру бойынша бірнеше ота жасалды. Диана мен оның баласының өмірі үшін өңірлік және республикалық дәрігерлердің мультитәртіптік бригадасы күресті. Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары да медициналық көмек көрсету үшін күш біріктірді.  

Фото: ҚР ДСМ 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу