freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Дәрілердің бағасын қолдан көтергендер 32 пәтер сатып алған

Құқық
Дәрілердің бағасын қолдан көтергендер 32 пәтер сатып алған
freepik.com

Қазақстанда сирек ауруға арналған дәрілердің бағасын қолдан көтеру дерегі әшкереленіп, мемлекетке 3,7 миллиард теңге залал келтірілгені анықталды. Бұл туралы Malim.kz хабарлайды.  

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, "Интерфармсервис" ЖШС Дюшенн бұлшықет дистрофиясына қарсы препараттардың еліміздегі жалғыз жеткізушісі болған. Компания бес жыл бойы бұл дәрілерді медициналық ұйымдарға жеткізіп келген.

Алайда белгіленген шекті бағаға қарамастан, компания басшылығы заңсыз пайда табу үшін жеткізу тізбегіне Біріккен Араб Әмірліктерінде тіркелген өздеріне қарасты фирманы қосқан. Осы арқылы жалған мәмілелер жасалып, дәрілердің бағасы жасанды түрде өсірілген.

Осылайша, мемлекетке 3,7 миллиард теңге көлемінде залал келтірілген.

Сонымен қатар тергеу барысында компания басшылығы салықтан жалтару үшін жалған кәсіпкерлер арқылы шот-фактуралар рәсімдеп, қаржы шығару схемасын ұйымдастырғаны анықталған. Осы тәсілмен 4 миллиард теңгеден астам қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған. Ал төленбей қалған салық көлемі 637 миллион теңгеден асады.

Заңсыз табысқа алынған қаражатқа күдіктілер 32 пәтер, 11 автокөлік және 8 тұрғын үй сатып алған. Қазір бұл мүліктерге тыйым салынды.

Іс бойынша екі күдікті үйқамаққа алынса, үшінші тұлға кепілмен босатылған. Қазір тараптар қылмыстық іс материалдарымен танысып жатыр. Тергеу құпиясына байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу