Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Demeu 2.0» әлеуметтік жобасы аяқталды

Қоғам
«Demeu 2.0» әлеуметтік жобасы аяқталды

Жасөспірімдердің психикалық денсаулығын қалыптастыру және дамыту бағытындағы «Demeu 2.0» әлеуметтік жобасы аяқталды.

Әлеуметтік жоба қыркүйек-қараша айларында жүзеге асты. Жоба аясында Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарындағы 450 маманның біліктілігін арттыру курстары өткізілді. Маңғыстау облысындағы 7 елді мекенде (2 қала, 5 аудан) тәжірибелі, кәсіби психотерапевт, психолог мамандарды, әлеуметтік педагогтарды, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлардың қатысуымен ата-аналармен семинар-тренингтер, консультациялар сериясы ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысының білім басқармасымен келісе отырып, қауіп-қатер тобындағы оқушыларға консультациялық көмек көрсетілді. «Суицидтің алдын алудағы ата-ананың рөлі», «Девиантты мінез-құлықтағы жасөспірімдермен қарым-қатынас», «Жасөспірімдер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу» тақырыптарында 3 жиын өтіп, 1 әлеуметтік және 1 анимациялық бейнеролик даярланды.

Бұған қоса, жасөспірімдердің психикалық денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған 1 әдістемелік құрал дайындалды. «Қауіп-қатер тобындағы» жасөспірімдерге адрестік жұмыстар дажүргізілді.

Жобаға қолдау көрсеткен әріптестер мен серіктестерге, жергілікті атқарушы орган өкілдері мен қатысушы мамандарға алғыс білдіреміз!

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу