«Жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу» тақырыбындағы тапсырыс та ықпалды жұмыстың жүруіне, азаматтық қоғамды тұрақты дамыта отыра шешуге әрі жақсы көрсеткіштерге қолжеткізуге мүмкіндік береді деген сеніммен былтыр өңірде «Демеу 2.0» жобасы жалғасын тапқан болатын.
Биыл жасөспірімдердің психикалық денсаулығын қалыптастыру және дамыту грантың басым баыты бойынша Маңғыстау облысы білім басқармасының тапсырысымен «Демеу+» жобасы жүзеге асырылды.
Жобаның мақсаты - жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсау фактілерін мейілінше азайтып, алдын алуға бағытталған педагог-психолог, әлеуметтік педагог мамандардың біліктілігін көтеру үшін курстар жүргізе отырып, суицидолог мамандарды тартып 7 елді-мекенде семинар-тренингтер мен «қауіп –қатер» тобында анықталған оқушыларға консультативтік көмек көрсету, психикалық денсаулықты сақтау мәдениетін қалыптастыру. Маңғыстау облысында аталған жобаны іске асыру арқылы аймақтағы білім беру ұйымдарындағы кемінде 450 маманның біліктілігін арттыру ( 198 әлеуметтік педагог және 251 психолог) мамандаарды оқыту индикаторы ұсынылған болатын. Аталған индикатор бойынша өз кәсіби құзыреттілігін рттырған мамандардан бөлек 70- тен аса өңірдегі психолог және әлеуметтік педагог мамандар қорытынды конференцияға қатысып, жобаны іске асыру нәтижелері мен алынған тәжірибені ескере отырып, жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу және психикалық денсаулықты нығайту бағытындағы жұмысты одан әрі жетілдіру үшін төмендегідей ұсыныстар енгізді:
- 1. Жобаның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жобаның тиімділігі мен сұранысын ескере отырып, «Демеу+» бастамасын өңірлік деңгейде жүйелі және тұрақты бағдарлама ретінде жалғастыру ұсынылады. Психологтар мен әлеуметтік педагогтарға арналған біліктілікті арттыру курстарын жыл сайын өткізу, жобаны білім беру саласының ұзақ мерзімді жоспарларына енгізу маңызды.
- 2. Мамандардың кәсіби әлеуетін одан әрі дамытуды жалғастыру: Курстан өткен педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтар үшін: супервизия және интервизия форматындағы кәсіби қолдау шараларын ұйымдастыру; Суицидология, кризистік жағдайлармен жұмыс, девиантты мінез-құлықты түзету бағытында тереңдетілген оқу модульдерін енгізу; Шалғай елді мекендердегі мамандар үшін онлайн-консультациялық қолдау жүйесін дамыту ұсынылады. 3 жыл қтарынан суицидологтардан білімм жетілдірген менторларды іріктеу әрі олардың осы салаға келген жас маамандарды оқыту пулын жасақтау.
- 3. «Қауіп-қатер» тобындағы оқушылармен жұмысты күшейту. «Қауіп-қатер» тобына жататын жасөспірімдерді ерте анықтау мақсатында: бірыңғай диагностикалық құралдарды қолдану; анықталған оқушылармен жеке және топтық психологиялық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу; ата-аналарды міндетті түрде тарту арқылы кешенді профилактикалық жұмыстар ұйымдастыру ұсынылады.
- 4. Ата-аналармен және қоғаммен өзара іс-қимылды кеңейту. Жобаның алдын алу бағытындағы тиімділігін арттыру үшін: ата-аналарға арналған психикалық денсаулық мәдениетін қалыптастыру бойынша оқыту семинарларын өткізу; ақпараттық-түсіндіру материалдарын (жаднамалар, бейнероликтер, байқаулар, әдістемелік құралдар) әзірлеу; үкіметтік емес ұйымдармен, жастар ресурстық орталықтарымен және азаматтық қоғам өкілдерімен серіктестікті нығайту ұсынылады.
- 5. Оқушылар арасында алдын алу жұмыстарының ауқымын кеңейту. Білім беру ұйымдарында: эмоционалды интеллект, стресс-менеджмент, өмірлік дағдыларды дамытуға бағытталған тренингтерді жүйелі енгізу; оқушылардың өзара қолдау тетіктерін (peer-support) дамыту; психикалық саулықты нығайтуға бағытталған әлеуметтік жобалар мен бастамаларды қолдау ұсынылады.
- 6. Жобаның ауқымын кеңейту үшін «Демеу+» жобасының оң тәжірибесін ескере отырып: жобаны басқа өңірлерде енгізу мүмкіндігін қарастыру; колледждер мен жоғары сынып оқушыларын қамтитын кеңейтілген форматта іске асыру; цифрлық форматтағы оқыту курстарын әзірлеу ұсынылады.
Жоба осымен 3 жыл өңірде сәтті жүргізіліп, жасөспірімдердің психикалық денсаулығын ққалыптстыру және дамыту бағытында оң нәтижелер көрсетті. Сонымен қатар, бенефицарлар мен нысаналы топтың оң бағасын алып, жоба аясында біліктілігін арттырған мамандар жобаның жалғасы болғанын қалайтындығын жеткізді. Бұл жобаны өзге өңірлерге де тәжірибе алаңында сынап, грант не әлеуметтік тапсырыс негізінде енгізудің маңызы – биыл Маңғыстауда жасөспірімдер арасындағы өз–өзіне қол жұмсау фактілерінің мейлініше азайғандығымен байланыстыруға болады.