Елімізде қайтыс болған донордың ағзасы 4 адамның өмірін сақтап қалды

Арман Қайыпхан

  • 28.10.2024

Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасында қайтыс болған донордан төрт пациентке ағзаларды сәтті трансплантаттау жүргізілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Мидың өлімі туралы мәлімдемеден кейін 39 жастағы донордың туыстары келісім беріп, ағзаларды төрт адамға сыйға тартты. Көп ағзаны алу барысында жүрек, өкпе және екі бүйрек алынды.

1977 жылы туған ер адамға жүрек, 1962 жылы туған әйелге өкпе, 2015 жылы туған балаға бүйрек, ал 1966 жылы туған әйелге екінші бүйрек трансплантатталды, осылайша елдің төрт азаматының өмірі сақталып қалды.

Пациенттер Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантаттауды үйлестіру жөніндегі республикалық орталығының республикалық, өңірлік және стационарлық трансплантаттау үйлестірушілерінің және "University Medical Center" КҚ, "Ұлттық ғылыми онкология орталығы" ЖШС трансплантаттау орталықтары мамандарының үйлесімді командасының арқасында "екінші өмірге" мүмкіндік алды. 

ТҮЖМҚРО деректері бойынша 2023 жылы Қазақстанда қайтыс болған 7 донор тіркелді, бұл 19 ағзаны трансплантаттауға мүмкіндік берді. 2024 жылғы 25 қазанда қайтыс болған донорлардың саны 6-ны құрады, бұл 23 ағзаны трансплантаттауға мүмкіндік берді.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

Үлкен Нарын ауылында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі

15.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Өскеменде Сағадат Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті

07.05.2025

ШҚО-да өрт қауіпсіздігін сақтамағандар жауапқа тартылды

07.05.2025
MalimBlocks
ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды

Үлкен Нарын ауылында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Өскеменде Сағадат Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті

ШҚО-да өрт қауіпсіздігін сақтамағандар жауапқа тартылды