Оразаның салмақ тастауға әсері қандай? - нутрициолог

Ораза кезінде ағзадағы қант пен инсулин деңгейі тұрақталады

Malim Админ

  • 14.03.2025

Оразаның денсаулыққа қандай пайдасы бар және 30 күнде адам ағзасында қандай өзгерістер болады? Бұл туралы Baq.kz-ке сілтеме жасап Malim.kz  хабарлайды.  

Нутрициолог дәрігер Нұргүл Оспанова оразаның асқазанға әсері жайлы айтты.

Біз тамақ ішкен сайын асқазан, бауыр, ұйқы безі және ішектер үзіліссіз жұмыс істейді. Ораза кезінде олар уақытша демалады. Бұл асқазанның қышқыл бөлуін реттейді, ішек микрофлорасын жақсартады, бауырдың токсиндерді шығару қабілетін арттырады, - деді ол.

Сондай-ақ дәрігер ораза кезінде ағзадағы қант пен инсулин деңгейі тұрақталатынын айтты.

Тамақ ішпеген кезде ағза қордағы глюкозаны пайдаланады, ал инсулин деңгейі төмендейді. Бұл процесс ұйқы безіне демалыс беріп, қант диабетінің алдын алуға көмектеседі, - дейді маман.

Нұргүл Оспанова ауыз бекітудің салмақты реттеуге де септігі барын жеткізді.

Ашыққан кезде ағза энергия алу үшін бірінші көмірсуларды, содан кейін май қорын ыдырата бастайды. Яғни зат алмасу жақсарып, арықтай аласыз. Сонымен бірге, ораза кезінде ағза зақымдалған жасушаларды жою процесін бастайды. Бұл аутофагия деп аталады. Ол онкологияның, Альцгеймердің және басқа да созылмалы аурулардың алдын алады деуге толық негіз бар, - деді дәрігер.

Фото: Zakon.kz  

Байланысты жаналықтар

Медициналық орталық Сара Назарбаеваға қатысты сұраққа жауап берді

15.05.2025

Айдос Үкібай Сара Назарбаеваға қатысты ақпаратқа пікір білдірді

14.05.2025

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

13.05.2025

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

10.05.2025

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

06.05.2025

Сара Назарбаева ауыр хәлде жатыр – дереккөз

05.05.2025
MalimBlocks
Медициналық орталық Сара Назарбаеваға қатысты сұраққа жауап берді

Айдос Үкібай Сара Назарбаеваға қатысты ақпаратқа пікір білдірді

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

Өнер иесі соңғы екі айда тынымсыз гастрольде жүрген

Сара Назарбаева ауыр хәлде жатыр – дереккөз