Қазақстанда ана құрсағындағы ұрыққа ота жасала бастады

Мұндай ота ұрықтың дамуындағы ақауларын түзете алады

Мәди Саматұлы

  • 15.06.2024

Қазақстандық дәрігерлер алғаш рет ұрықтың патологиясы мен даму ақауларын түзету арқылы ұрыққа ота жасай бастады. Феталдық (құрсақішілік) оталар перинаталдық нәтижелерді жақсартуға және балалардағы мүгедектікті азайтуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Malim.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, ұрыққа оталар болашақ баланың денсаулығы мен өмірін жақсартатын жағдайларда жасалады.

Қазақстан үшін феталдық хирургия – медицинаның жаңа бағыты. Жобаны Денсаулық сақтау министрлігі AYALA қайырымдылық қорының қолдауымен іске асырып отыр.

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда феталдық хирургияны іске қосуға екі жыл бойы дайындалды. Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының (Алматы) және UMC (Астана) дәрігерлерінің бригадалары Қазақстанда және шетелде теориялық және практикалық даярлықтан өтті.

AYALA қайырымдылық қорының президенті Айдана Сүлейменованың айтуынша, қор Перинатология және балалар хирургиясы орталығындағы феталдық хирургия бөлімшесіне 29,3 миллионнан астам теңгеге арнайы медициналық құралдар – лазермен және фетоскоптар сатып алып берген.

Феталдық медицина (ұрық хирургиясы) – бұл ананың құрсағындағы ұрық пациент болып табылатын жоғары мамандандырылған медицина саласы. Ұрық хирургиясы аз инвазивті ем-шаралар арқылы ұрықтың ерте патологиялық жағдайларын түзетуге және емдеуге мүмкіндік беретін инновациялық технологияларға негізделген.

Біз жыл сайын құрсақішілік ақауларды түзету бойынша 150-ге жуық ота жасауды жоспарлап отырмыз. Феталдық хирургия жобасы біздің орталықты дамытудың және еліміздің аналары мен балаларына медициналық көмектің сапасын жақсартудың жаңа кезеңі болады, деді Алматы қаласы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының директоры Гүлнара Нұрланова.

Бүгінде аз инвазивті эндоскопиялық (фетоскопиялық) операциялар ашық хирургияны алмастырып жатыр, өйткені олар ана мен ұрықтың организмі үшін қауіпсіз. Әлемнің көптеген елінде жыл сайын құрсақішілік түзетуге жататын ұрық ауруларының спектрі кеңейіп келеді, жаңа технологиялар әзірлену үстінде және жетілдіріліп жатыр. Туа біткен жүрек ақаулары, диафрагма жарықтары және ОНЖ үшін құрсақішілік араласулар қарқынды енгізіліп келеді және бүгінде олар үлкен жетістіктерге жетті.

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Байланысты жаналықтар

Әскерде мүгедек болып қалған Ербаянға Түркияда ота жасалды

12.11.2024

Қызылордада тісін емдеткен бала мүгедек болып қалды

23.08.2024

Дәрігерлер науқастың денесінен 30 келілік ісік алды

21.08.2024

Атыраулық дәрігерлер пышақ қолданбай ота жасады

20.08.2024

Шымкенттік әйел күйеуіне бүйрегін берді

16.07.2024

Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккен әйел сал болып қалды

17.05.2023
MalimBlocks
Әскерде мүгедек болып қалған Ербаянға Түркияда ота жасалды

Қызылордада тісін емдеткен бала мүгедек болып қалды

Оның тісін орта медициналық білімі бар стоматолог жұлып тастаған

Дәрігерлер науқастың денесінен 30 келілік ісік алды

Тексеру нәтижесінде науқасқа «аналық без обыры» диагнозы қойылды

Атыраулық дәрігерлер пышақ қолданбай ота жасады

Бұған дейін өңірде дәл мұндай емдеу тәсілі қолға алынбаған

Шымкенттік әйел күйеуіне бүйрегін берді

Ота сәтті өтті

Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккен әйел сал болып қалды

Жарылыс кезінде  23 жастағы әйел денесі күйіп, омыртқасы сынған