Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Депрессия салдарынан әйел екі баласын тұншықтырып өлтірді

Оқиға
Депрессия салдарынан әйел екі баласын тұншықтырып өлтірді

Атыраулық келіншек 3 жас және 11 айлық балаларының өліміне күдікті ретінде ұсталды. 29 жастағы әйел босанғаннан кейін депрессияда түсіп кеткен, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Orda.kz-ке сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға 23 наурызда Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында болды. Сенімді дереккөздерге сүйенсек, келіншек балаларын өз қолымен тұншықтырып өлтірген. 

Полиция кәмелет жасқа толмаған екі баланың денесі табылғанын растады. 

«Балалардың өліміне күдікті ретінде анасы ұсталды. Ол Атырау облысының тұрғыны. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол босанғаннан кейін депрессияда болған. Қылмыстық іс қозғалды, күдікті уақытша үстау изоляторына қамалды», - деп хабарлайды Ақтөбе облысы ПД бастығының орынбасары Ғалым Байжанов.

Қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары полиция басшылығының бақылауында екені хабарланды.

Фото: Pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу