Алматы облысы әкімінің бұйрығымен облыс әкімі баспасөз қызметінің басшысы – баспасөз хатшысы болып Диас Нұрақын тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz.
Диас Ермекұлы - Алматы облысы Кеген ауданының тумасы, 1987 жылы дүниеге келген.
2004-2008 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін тәмамдаған.
2008-2010 жылдары Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті экономика факультетінде білім алған.
Еңбек жолын 2006-2007 жылдары МИР мемлекетаралық телеарнасында аудармашы-редактор ретінде бастаған.
2007-2008 жылдары КТК телеарнасында «Репортер», «Алаң жұрт» бағдарламаларында редактор қызметін атқарды.
2008-2009 жылдары республикалық «Жас қазақ» газетінде арнаулы тілші болды.
2009-2015 жылдары Жетінші арна жаңалықтар қызметінде тілші болып еңбек етті.
2015-2016 жылдары КТК телеарнасының жаңалықтар тілшісі, «Аптап» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының шығарушы редакторы қызметтерін атқарды.
2016 жылдан бастап осы телеарнаның жаңалықтар қызметі аймақтар қосынының редакторы болып жұмыс істеді.
БАҚ саласы бойынша Президент грантының иегері.