Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Димаш Қытайда жаңа музыкалық шоу бастамақ

Мәдениет
Димаш Қытайда жаңа музыкалық шоу бастамақ

Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайда халықаралық музыкалық реалити-шоудың бас продюсері болады, деп хабарлайды Malim.kz MADENIPORTAL.KZ-ке сілтеме жасап.

Жоба Hunan TV медиахолдингі және бас менеджер Цай Хуайцзюньмен бірлесіп жүзеге асады. Шоуға әртүрлі елдерден келген вокалистер қатысады. Ерекшелігі – түсірілімдердің Қазақстанның төрт өңірінде өтуінде. Осы арқылы шетелдік көрермендер елдің табиғаты мен мәдениетін жақыннан танымақ.

«Бұл – Қазақстан мәдениетін әлемге танытуға берілген зор мүмкіндік», – деді Димаш.

Айта кетейік, Құдайберген осыдан 10 жыл бұрын дәл осы арнаның “I Am Singer” жобасына қатысып, Қытай мен әлем жұртшылығына танылған еді. Енді ол жаңа шоуға автор әрі продюсер ретінде оралып отыр.

Жоба мәдени байланыстарды нығайтып, халықаралық өнерпаздарды бір сахнада тоғыстыруды мақсат етеді.

Фото: әлеуметтік желі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу