Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Дін зерттеуші пітір-садақадан түскен ақшаны тасқын судан зардап шеккендерге аудару керек екенін айтты

Қоғам
Дін зерттеуші пітір-садақадан түскен ақшаны тасқын судан зардап шеккендерге аудару керек екенін айтты

Оның айтуынша, ҚМДБ-ға бес миллиардтан астам қаржы түседі екен.

Құрметті Наурызбай Тағанұлы!
Рамазан айында Қазақстанда өзін мұсылман санайтын 8 миллиондай адам мүфтият белгілеген 640 теңгені мешітке пітір-садақа ретінде берсе, ҚМДБ-ға бес миллиардтан астам қаржы түседі екен.
Анығында егер бұған ауқатты һәм  қалталы мұсылмандар беретін зекетті қоссақ,онда одан зор қаражат жиналатыны анық. Сондықтан да сізден сол халықтың өз ақшасын табиғи апаттан, яғни су тасқынынан зардап шеккен халыққа жәрдем ретінде кері қайтарып беруіңізді талап етемін.
Атап айтқанда аталмыш шара соңғы кезде халық арасында беделі күрт төмендеп кеткен мүфтияттің дәрежесін көтеріп қана қоймай,сонымен қатар ислам шариғатына да лайық сауапты іс-әрекет боп табылады, - деп жазды Тұрарбек Құсайын facebook-парақшасында.

Фото: Nege.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу