Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Діни-экстремистік ұйым ұйымдастырып, терроризмді насихаттағандар сотталды

Қоғам
Діни-экстремистік ұйым ұйымдастырып, терроризмді насихаттағандар сотталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 7 Қазақстан азаматы және 1 шетелдікке қатысты діни-экстремистік ұйымының қызметін ұйымдастыру және оған қатысу, терроризмді насихаттау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Сотталушылар жанындағыларға идеологияны таратып, зайырлы өмір салтына және конституциялық құрылымға жек көрініштік тудырған.   

Тұрғылықты жерлері бойынша тінтулер барысында айтарлықтай көлемде діни-экстремистік әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер алынды.

Сотталушы адамдардың үшеуі бұған дейін осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған.

Ақмола гарнизондық әскери сотымен олар 1 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімдерге бас бостандығынан айыруға жазаланған.

2024 жылғы 2 сәуірде үкім заңды күшіне енді.

Фото: ҰҚК

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу