Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Дизель отынын заңсыз сатқан. Серіктестік басшысы сотталды

Саясат
Дизель отынын заңсыз сатқан. Серіктестік басшысы сотталды

«Азия ТЭГ» және «Евро-Азия ТЕМП» ЖШС-нің директорына қатысты тергеу аяқталды.  Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша,  серіктестік басшысы былтыр мұнай өнімдерін иемдену, тасымалдау және өткізу мақсатында заңсыздыққа жол берген.  Жылыой ауданының аумағынан құжатсыз 3 мың тонна дизель отынын сатып алып, оны Маңғыстау облысына тасымалдап, барлығы 796,5 млн теңгеге өткізіп, заңсыз пайда түсірген.

Сонымен қатар, аталған тұлға «Евро-Азия ТЕМП» ЖШС-нің директоры бола тұра, 2021 жылы Жылыой ауданының аумағынан құжаттарсыз 3 мыңға жуық тонна дизель отынын сатып алып, оны Маңғыстау облысына тасымалдап, барлығы 990 млн теңгеге өткізіп, заңсыз олжаға кенелген.

Аталған серіктестік басшысы кінәлі деп танылып, Сот үкімімен үш жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.  ҚК-нің 63-бабының талаптарына сай, тағайындалған жаза шартты деп есептелініп, 2 жылға пробациялық бақылау белгіленген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу