freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Домбыраны харам деген ақтөбелік блогерге қылмыстық іс қозғалды

Қоғам
Домбыраны харам деген ақтөбелік блогерге қылмыстық іс қозғалды
ethnopetersburg.ru

Ақтөбеде әлеуметтік желіде домбыраны «харам» деп атаған Азат Қонысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Malim.kz.

л Қылмыстық кодекстің «діни алауыздықты қоздыру» бабы бойынша күдікке ілініп, тергеу аяқталғанша қамауда отыр.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті әлеуметтік желіде діни негіздегі араздық пен өшпенділікті қоздыруға бағытталған пікір жариялаған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде оның жеке басы анықталып, кейін ұсталған.

Сот санкциясымен оған бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау таңдалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Айта кетейік, Азат Қоныс өз видеоларында ішекті музыкалық аспаптарды, соның ішінде домбыраны да «харам» деп атаған. Бұл мәлімдеме әлеуметтік желілерде қызу талқы туғызып, құқық қорғау органдарының назарын аударған.

Еске салсақ, бұған дейін ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімі домбыраға қатысты түсіндірме берген. Онда тәрбиелік, рухани мазмұндағы әндер мен музыкаларға рұқсат етілетіні, ал ұлттық аспап – домбыра арқылы орындалатын туындылардың адамды ізгілік пен имандылыққа шақыратыны атап өтілген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу