Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Дональд Трамптың саяси қарсыластары сайлауда жеңіске жетуге аса мүдделі

Саясат
Дональд Трамптың саяси қарсыластары сайлауда жеңіске жетуге аса мүдделі

Вице-президент Камала Харрис пен губернатор Тим Уолз алғаш рет бірге Демократиялық партияның сайлауалды кампаниясында президенттікке түсу үшін көпкүндік турнені қолға алып отыр. 

Харрис пен Уолз Пенсильвания штатындағы ең үлкен шаһар Филадельфияда митинг өткізді. Олар үшін республикашыл Дональд Трамп пен оның серіктесі Джейди Вэнсті сайлауда жеңу маңызды.

Темпл университетінде жиналған 10 мыңнан астам адамның алдында сөйлеген Харрис өзінің бұрын орта мектеп мұғалімі және футбол жаттықтырушысы болғанын айтып, Ұлттық гвардия ардагері және бұрынғы конгрессмен ретінде сипаттап өтті. 

"Мен үшін Камала Харриске Америка Құрама Штаттарының келесі президенті болуға көмектесуден артық құрмет жоқ. Мен отбасымда алған құндылықтарымды студенттеріме сіңіруге тырыстым. Конгреске және штат астанасына әкелдім, енді вице-президент Харрис екеуміз оларды Ақ үйге әкелгіміз келеді", - деді Уолз митингте. 

Харрис сейсенбі күні түстен кейін Уолздың кандидатурасын таңдағанын жариялады. Ол Уолздың басқару тәжірибесі бар екенін және соңғы жылдары Трампты көбірек қолдаған ауылдық жерлерде тұратын ақ сайлаушылардың дауыстарын тарта алатынын атап өтті.

Фото: Bloomberg

Ақпарат ВВС материалынан ықшамдалып аударылды
 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу