Қазақстанда қан донорларына төленетін өтемақыны арттыру мәселесі әзірге қолдау таппады, деп хабарлайды Malim.kz.
Қаржы министрі Мәди Такиевтің мәліметінше, төлемді 5 есеге дейін көбейту бюджетке қосымша салмақ түсіреді.
Қазір донорларға 0,25 АЕК (1 081 теңге) төленеді. Оны 1-1,25 АЕК-ке дейін көтеру және «Құрметті донор» мәртебесін енгізу қосымша шығындарды талап етеді.
2026-2028 жылдарға бюджеттен бұл мақсатқа 809,8 млн теңге қаралған. Сонымен қатар, 2028 жылға дейін жаңа әлеуметтік шығыстарға уақытша шектеу енгізілген.
Донорларды қосымша ынталандыру жергілікті билік құзырында. Министрлік материалдық емес қолдау шараларын күшейтуді ұсынады.