Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары тәмамдалды

Спорт
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары тәмамдалды

Астанада өткен 5 Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы 44 алтын, 33 күміс, 37 қола жүлде жеңіп алып, командалық есепте бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, соңғы жарыс күнінде ұлттық құрама спортшылары 11 алтын, 9 күміс, 9 қола жүлде жеңіп алды.

Ойындардың соңғы күнінде көрермен көп жинайтын ең қызықты спорт түрлерінің бірі «Қазанат» ипподромында бәйге жарыстары өтіп, онда Қазақстан 18 жүлдеге ие болды. Оның алтауы алтын, жетеуі күміс, бесеуі қола.

Ат жарысындағы ең танымалы 25 шақырымдық Аламан бәйгеде Алматы облысы Балқаш ауданынан келген «Айқабақ» атты сәйгүлік бірінші келді. Екінші «Жұмыртұяқ» келсе, үшінші орын Қырғызстаннан келген «Қара қыз» атты тұлпарға бұйырды.

Айта кетейік, 5 Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2024 жылдың 8-13 қыркүйегі аралығында Астанада өтті. Келесі ойындар 2026 жылы Қырғызстанда өтеді. 

Фото: Telegram/News // Ұлттық құрама

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу