freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Дзюдодан әлем чемпионы атанған Фатима Сұпығалиева тарихи жеңісі туралы айтты

Спорт
Дзюдодан әлем чемпионы атанған Фатима Сұпығалиева тарихи жеңісі туралы айтты
ҚР дзюдо федерациясы

Дзюдодан қыздар арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Фатима Сұпығалиева тарихи жеңісі туралы айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Әлем біріншілігі Эквадордың Гуаякиль қаласында өтті. Сұпығалиева жарыс барысында бірнеше мықты қарсыласын жеңіп, финалда украиналық Ксения Кирильчукпен кездесті. Тартысты өткен ақтық белдесуде қазақстандық спортшы қосымша уақыттың оныншы секундында тиімді әдіс жасап, қарсыласын иппонмен жеңді.

«Бұл – мен үшін ең үлкен жеңістердің бірі. Әлем чемпионы атану – ерекше сезім. Сол сәтте барлық жанкүйердің қолдауын сезіндім. Жарыс өте жоғары деңгейде өтті», – деді Фатима Сұпығалиева.

Жас спортшы чемпионатқа Шымкент қаласында өткен оқу-жаттығу жиынында дайындалған. Оның айтуынша, командадағы әр спортшының басты мақсаты – әлем чемпионы атану болған. Қазақстан құрамасы жарыстың командалық есебінде де үздік нәтиже көрсетті.

Сұпығалиева жартылай финалдағы Израиль спортшысымен және финалдағы украиналық дзюдошымен өткен белдесулерді чемпионаттағы ең қиын кездесулер ретінде атап өтті. Сондай-ақ ол командалық сайыстағы сәттерді ерекше эмоциямен еске алды.

«Әлем чемпионы атану мен үшін арманнан гөрі алдыма қойған негізгі мақсаттардың бірі еді. Сол мақсатыма жеттім. Ендігі кезекте одан да биік белестерді бағындыруға тырысамын», – деді чемпион.

Фатима Сұпығалиеваның ендігі басты мақсаты – Дакарда өтетін Олимпиада ойындарына қатысып, ел намысын қорғау және жүлде жеңіп алу. Спортшы Олимпиада медалін әр дзюдошының ең үлкен арманы деп санайды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу