Атырауда мөңке балықтарының шабағы қырылып жатыр

Мониторинг кезінде балықтың тұншығу, қырылу фактісі расталды

Malim Админ

  • 05.02.2025

Атырау облысындағы Ордабай көлінде мөңке балықтарының шабақтары қырылуда. Мұз астында ұсақ балықтар өте көп мөлшерде жиналып қалған.   

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мәліметінше, Ордабай көлі Жылыой ауданында орналасқан.

Кеше, 4 ақпанда оқиға орнына Теңіз балық инспекциясы бөлімінің мамандары, Жылыой аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы барды. Ордабай көліндегі көпір маңында бақылау, қадағалау жүргізілді. Мониторинг кезінде балықтың тұншығу, қырылу фактісі расталды. Инспекция мамандары жергілікті атқарушы органмен бірлесіп, қырылған балықты жинау, тірі шабақтарды құтқару жұмысын жүргізу туралы шешім қабылдады. Қырылған мөңке балығы шабақтарының салмағы – 4 келі. Балықтың қырылуының болжамды себебі – судағы еріген оттегінің жетіспеушілігі, - деп хабарлады облысаралық инспекциядан. 

Қырылған балық шабақтары жиналып, санитарлық нормаларға сәйкес жойылған. 

23 мың балық шабағы құтқарылып, Құлсары қаласының маңындағы Қамыскөл көліне жіберілді. Оның басым көпшілігі – мөңке балығының шабағы, - деп мәлім етті инспекция. 

Фото: Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы

 

Байланысты жаналықтар

«ҚазМұнайГаз» Атыраудағы ірі өндіріс орнын ресейлік компанияға сатты

13.04.2025

Атырау мұнай өңдеу зауытының жаңа директоры тағайындалды

10.04.2025

Атырау облысында жер сілкінісі тіркелді

10.04.2025

"Атырау" футбол клубы мемлекет меншігіне қайтарылды

09.04.2025

Қалаларда құрылыс материалдарының бағасы күйіп тұр

06.04.2025

"Арандатушы топтың құрбаны болуы мүмкін" - депутат Атырауда Туды қорлаған қыздар туралы

02.04.2025
MalimBlocks
«ҚазМұнайГаз» Атыраудағы ірі өндіріс орнын ресейлік компанияға сатты

Атырау мұнай өңдеу зауытының жаңа директоры тағайындалды

Қуаныш Бишімов Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры болып тағайындалды

Атырау облысында жер сілкінісі тіркелді

Cейсмологтар Атырау облысы аумағында жер сілкінісін тіркеді

"Атырау" футбол клубы мемлекет меншігіне қайтарылды

"Атырау" футбол клубы клубтың басқарудың ашықтығын қамтамасыз ету және тиімділігін арттыру үшін мемлекет меншігіне қайтарылды

Қалаларда құрылыс материалдарының бағасы күйіп тұр

Кірпіш бағасы еліміз бойынша ең қымбат, яғни, 500 данасы орта есеппен 75 000 теңге тұрады

"Арандатушы топтың құрбаны болуы мүмкін" - депутат Атырауда Туды қорлаған қыздар туралы

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Атырауда Туды қорлап, суретке түскендерге қатысты бас прокурор Берік Асыловқа депутаттық сауал жолдады