Өскеменде студенттер экологиялық сауаттылығын арттырады

«Таза Қазақстан» бағдарламасы бойынша 204 саябақ пен сквер, 323 тарихи-мәдени ескерткіш пен 859 әлеуметтік нысан тазартылды

Мадина Қайнарова

  • 30.10.2024

Шығыс Қазақстанда жастар арасында экологиялық сауаттылықты арттыру жұмыстары қолға алынды.

Осы мақсатта Өскемен көпсалалы технологиялық колледжінің студенттерімен кездесу өтті. Онда «Қоғамның экологиялық даму орталығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Танир Яссы мен ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Бақытжан Ербол «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәселелерін талқылап, «Эко сақшы» жобасын іске асыру жөнінде ақпарат берді.

«Эко сақшы» - биыл маусым айынан бастап іске асырылып жатқан пилоттық жоба. Оған өңірдің әрбір ауылдық округінен 120 адам қатысты. Жобаның негізгі мақсаты - эковолонтерлердің жұмысын үйлестіру, жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Экосақшылар маусымнан бері 73 іс-шара өткізіп, ауыл тұрғындары, жастар, эко-белсенділер, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлерінің көмегімен қоғамдық орындарда және аула аумақтарында 10 тоннадан астам қоқыс жинады.

Облыстың барлық қалалары мен аудандарында еріктілер үшін оқыту семинарлары ұйымдастырылып, сенбіліктер өткізілді.

 «Таза Қазақстан» бағдарламасы бойынша 204 саябақ пен скверді, 323 тарихи-мәдени ескерткіш пен 859 әлеуметтік нысанды тазарту жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ 7 мың су нысаны, 26 субұрқақ, 370 шақырым арық тазартылды. Елді мекендерде 82 мың аула аумағынан 29 мың тонна қоқыс шығарылды. Облыстың елді мекендері мен орман қорында 75 мыңнан астам көшет отырғызылды.

Тұрғындардан түскен өтінімдерді пысықтау үшін 5 шілдеден бастап қолжетімді платформа - «TazaQazBot» телеграмм боты іске қосылған болатын.

Айта кетсек, «Таза Қазақстан» акциясы басталғаннан бері Полиция департаменті абаттандыру ережелеріне қатысты 5967 бұзушылықты анықтап, 25,9 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салды. 

«Таза Қазақстан» бағдарламасы бойынша іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Фото: ШҚО ішкі саясат басқармасы

Байланысты жаналықтар

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

16.05.2025

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

Үлкен Нарын ауылында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі

15.05.2025

Елімізде шегірткемен күреске бюджеттен қанша бөлінді?

13.05.2025

Қазақстанның қай өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін?

13.05.2025
MalimBlocks
ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды

Үлкен Нарын ауылында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі

Елімізде шегірткемен күреске бюджеттен қанша бөлінді?

Қазақстанның қай өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін?