Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Екатерина Бивол ісі: Қазақстан мен Ресей полицейлері бірге әрекет етпек

Құқық
Екатерина Бивол ісі: Қазақстан мен Ресей полицейлері бірге әрекет етпек
Instagram / bivol_kate

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жары Екатерина Биволға қозғалған қылмыстық іске қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Malim.kz. 

Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер іздеу жарияланған Екатерина Биволға қатысты ресейлік ішкі істер органдарымен қандай іс-қимылдар жасалып жатқанын сұрады. 

— Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр, сонымен қатар халықаралық іздеу жарияланды. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау түрі таңдалды. Арнайы арналар арқылы Ресейдің полиция қызметкерлерімен байланыстамыз. Екатерина Бивол ұсталса, Бас прокуратура органдары арқылы экстрадиция мәселесі шешіледі, — деді Санжар Әділов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл қараша айының басында белгілі боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина Биволға Қазақстанмен қатар Қырғызстан елі де іс қозғап, іздеу салып жатқаны мәлім болды. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу