Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Екі лық толы жүрдек пойыз соқтығысып, әзірге 39 адам қаза тапқаны білгілі болды

Әлем
Екі лық толы жүрдек пойыз соқтығысып, әзірге 39 адам қаза тапқаны білгілі болды
Фото: Reuters

Испанияның оңтүстігіндегі Кордова қаласы маңында екі лық толы жүрдек пойыз соқтығысып, кемінде 39 адам қаза тапты, 150-ден астам адам жарақат алды. Бұл – елде соңғы он жылдан астам уақыт ішіндегі ең ауыр теміржол апаттарының бірі, деп хабарлайды Malim.kz.

Қайғылы оқиға жексенбі күні кешкісін болды. Малага – Мадрид бағытымен келе жатқан пойыз рельстен шығып кетіп, қатар жолдағы қарсы бағытта келе жатқан пойызға бүйірлей соғылған. Алдын ала мәлімет бойынша, Мадридке бет алған пойыздың бірнеше вагоны шамамен кешкі 19:40-та рельстен шығып, соққының күші екінші пойыздың бірқатар вагонын үйінді жаққа қарай сырғытып жіберген.

Дүйсенбі күні таңертең мемлекеттік RTVE телеарнасы 152 адамның жараланғанын хабарлады. Оқиға орнынан тараған видеоларда Мадридтен шамамен 360 шақырым оңтүстікте жатқан аймақта бірнеше вагонның қырымен құлап қалғаны, құтқарушылардың оларды өрмелеп шығып, есеңгіреген жолаушыларды сыртқа шығарып жатқаны көрінеді.

Қаза тапқандар саны 2013 жылдан бергі ең жоғары көрсеткішке айналды. Ол жылы Галисиядағы Сантьяго-де-Компостела маңында жоғары жылдамдықтағы пойыз бұрылыста рельстен шығып, 80 адам мерт болған еді.

Испанияның көлік министрі Оскар Пуэнте апаттың себебін анықтауға арналған тергеу кемінде бір айға созылуы мүмкін екенін айтты.

RTVE тілшісі Сальвадор Хименес апат кезінде пойыздардың бірінде болғанын айтып, соққы сәтін былай сипаттады: «Бір сәт жер сілкінгендей әсер болды».

Жексенбі кешінде пойыздарда демалыстан кейін үйлеріне қайтып келе жатқан адамдар көп болған. Мадридке бара жатқан, италиялық Iryo компаниясы жүргізетін пойызда шамамен 300 жолаушы болған. Екінші пойызды мемлекеттік Renfe операторы басқарған, ол Мадридтен Уэльваға бет алған, онда 184 адам болғаны айтылады.

Апатқа байланысты Испания премьер-министрі Педро Санчес дүйсенбідегі жұмыс кестесін толықтай тоқтатты.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу