freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Екі жыл бойы ел алдына шыға алмадым": Жахан Отарғалиев елден жасырған құпия шындығын ашты (ВИДЕО)

Қоғам
"Екі жыл бойы ел алдына шыға алмадым": Жахан Отарғалиев елден жасырған құпия шындығын ашты (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Қазақстандық актер әрі әзілкеш Жахан Отарғалиев әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығымен бөлісті. Өнер иесі ұзақ уақыт бойы мойнында болған соңғы қарызын жауып, өмірінде жаңа кезең бастайтынын айтты, деп Malim.kz тілшісі Sn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Актердің айтуынша, соңғы екі жылда түрлі себептерге байланысты көпшілік алдына жиі шыға алмаған. Енді барлық қаржылық мәселелер шешімін тауып, жаңа өмір бастауға дайын екенін жеткізді.

"Енді шын мәнінде жаңа өмір бастаймын. Соңғы екі жылда сіздердің алдарыңызға шыға алмадым, себебі мазасыз кезең болды. Алланың қалауымен барлық қарыздан құтылдым", – деп жазды ол.

Желі қолданушылары бұл жаңалықты жылы қабылдап, актерге қолдау білдіріп, құттықтауларын жолдады. 

Айта кетейік, бұған дейін Жахан Отарғалиев 2024 жылы актер Шерхан Пірназарға қажылық сапарына жолдама сыйлайтынын айтқан еді. Көпшілік оның сол уәдеге байланысты қаржылық міндеттемелері болғанын болжаған. Енді актер бұл міндеттерден толық арылғанын мәлімдеп отыр.

Желіде оқырмандар бұл жаңалықты актер өміріндегі жаңа кезеңнің бастауы деп бағалап, оған табыс пен береке тілеуде.

Бұған дейін Жахан Отарғалиев соңғы уақытта қоғамда қызу талқыланған продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқановаға қолдау білдірген еді. Өнер иесі Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанованың отбасына қатысты тараған жаңалықтарға байланысты пікір айтып, бұрынғы жеңгесіне деген құрметін жеткізді.

"Жеңгемді қолдап кеткім келді. Өнер жолына келуіме себеп болған – Тұрсынбек ағам. Бір кезде олардың үйінде тұрдым, жеңгемнің шайын ішіп, екеуімен де жақсы араластым. Екеуін де сыйлаймын, жақсы көремін. Бәрі жақсы болсын", – деп жазды актер.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу