freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Екінші әйелінің арызы бойынша Асхат Садырбайға қылмыстық іс қозғалды

Құқық
Екінші әйелінің арызы бойынша Асхат Садырбайға қылмыстық іс қозғалды
видеодан скриншот

Журналист Асхат Садырбайдың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс бойынша тергеу оның бұрынғы әйелі Айғаным Болатқызының арызы бойынша қозғалған, деп хабарлайды Malim.kz Sn.kz және Todayinfo.kz порталдарына сілтеме жасап.

Екеуінің арасындағы жанжал бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Журналистің үстінен қылмыстық істің қозғалғанын тергеу қызметі растады. Астана қалалық Полиция департаментінің Есіл аудандық полиция басқармасы қылмыстық істі тергеп жатыр.

Астана қалалық ПД Асхат Садырбайға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады.

«Астана қаласы «Есіл» аудандық полиция басқармасына аумақтық тиесілігі бойынша 04.03.1992 жылы туған азаматша Қорабаева Айғаным Болатқызы бұрынғы жұбайы — 06.06.1986 жылы туылған Асхат Муратович Садырбаевқа қатысты шара қолдану туралы арызбен жүгінгені анықталды.

Аталған дерек бойынша Астана қаласы «Есіл» аудандық полиция басқармасында 09.10.2025 жылы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 110-бабының, 2-бөлігінде көзделген қылмыс белгілерінің болуына байланысты №257116031000977 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», — делінген ресми жауапта. 

Айғаным Болатқызы өзін бұрынғы күйеуінің азаптап, ұрғаны, аяусыз соққыға жыққаны жайлы ел алдында ашық айтып, заң органдарынан да, халықтан да араша сұрады. Алайда Асхат Садырбай бұның жалған екенін, жала екенін айтқан еді. Тіптен журналист экс-әйелін сотқа беріп, жеңіп те шыққан. Бірақ оның бұрынғы әйелі де қарап қалған жоқ. Алған жарақаттарын ашық көрсетіп, қайта арызданған.

«Қазіргі уақытта аталған іс бойынша сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», — делінген Полиция басқармасы берген жауапта. 

Сонымен қатар Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеп тексеру деректері жария етілмейді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу