Дүниежүзідік денсаулық сақтау ұйымының президенті Тедрос Адханом Гебрейесус қазақ тілінде ән салды, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл туралы эфиопиялық қайраткер желіде жазба жариялап, Қазақстандағы сапары туралы айтып берді. Ол кезекті сапарында Ескендір Хасанғалиевтің әні "Атамекенді" көппен бірге қосыла шырқады.
Дәулет құда мен Ардақ құдағиға тамаша кеш үшін сіздерге үлкен рақмет! Қазақстандағы құдаларыммен бірге керемет уақыт өткіздік. Бір шаңырақ астында күлкі, мейірім және бірге шырқалған әсем әндерге толы кеш болды. Маған үш керемет немере сыйлаған қыздарыңыз үшін де алғыс айтамын. Олар – менің бар байлығым. Екінші үйімде болғаныма өте қуаныштымын. Отбасы – жүрек ән салатын орын, ал бүгін менің жүрегім қуанышқа толы болды", - деп жазды Тедрос Адханом Гебрейесус.
Айта кететін жайт, ДДСҰ басшысының ұлдарының бірі қазақстандық ақын Жүрсін Ерманның немересі Айданаға үйленген.