30 қыркүйекке арналған валюта бағамы
Ұлттық банктің 30 қыркүйекке арналған ресми бағамы — 1 долларға 479,23 теңге.
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 478 - 482 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 30 қыркүйекке арналған ресми бағамы — 1 долларға 479,23 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,16 теңге.
Еуро — 534,96.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 478,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 480,5 теңге. Еуро 533,5 — 537,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 478 теңге, сатып алу құны — 482 теңге. Еуро 530 теңгеден сатылып, 536 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,15 - 5,17 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 27 қыркүйек кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,93 теңгеге қымбаттап, 479,50 теңге болған.
Фото: Zakon.kz