4,5 млрд теңге жымқырған. 21 бухгалтерге үкім шықты

Ұрланған қаржыны туыстарының банктік шоттарына аударып, өз араларында бөлген

Malim Админ

  • 23.07.2024

Бюджеттен 4,5 млрд теңге жымқырған 21 бухгалтерге сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Malim.kz.

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында аса көп мөлшерде бюджет қаражатын жымқырғаны, заңсыз заңдастырғаны, ұйымдасқан топ құрып, оған басшылық жасап және оған қызметтік бабын пайдалана отырып қатысқаны үшін айыпталған Талдықорған Білім бөлімінің және мектептерінің 21 бухгалтеріне қатысты қылмыстық іс қаралды.

«3 жыл бойы Талдықорған білім бөлімінің бас бухгалтері С. әріптестерінен құралған (7 – білім бөлімі және 14 – орта мектеп) қылмыстық топ ұйымдастырған. Оның басшылығымен ұйымдасқан топ алдын ала сөз байласу арқылы жалған жұмыскерлерге және мектеп қызметкерлеріне белгіленген лауазымдық жалақыларынан тыс жалақы есептеу арқылы 4,5 миллиард теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған. Ұрланған қаржыны сотталушылар туыстарының банктік шоттарына аударып, содан кейін қылмыстық рөлдерге сәйкес өз араларында бөлген», - делінген хабарламада.

Сотталғандардың 3 млрд теңгеден астам ақшалай қаражаты, зергерлік бұйымдары, жылжымайтын және жылжымалы мүлкі тәркіленді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: Aiqyn.kz

Байланысты жаналықтар

Әкім бухгалтері ақша жымқырған: соталды тергеу басталды

16.05.2025

758 млн теңге жымқырған: бас дәрігерінің орынбасары мен бухгалтер сотталды

22.04.2025

Білім саласының тағы 11 қызметкері жемқорлық үшін сотталды

15.04.2025

Маңғыстау колледжінде ірі көлемде қаражат жымқыру дерегі анықталды

10.01.2025

Жамбылдық бухгалтерлер президенттен араша сұрады

05.10.2024

Степногорск тұрғыны 40 млн теңге ұрлаған

16.09.2024
MalimBlocks
Әкім бухгалтері ақша жымқырған: соталды тергеу басталды

 

758 млн теңге жымқырған: бас дәрігерінің орынбасары мен бухгалтер сотталды

Жамбыл облысының Қалалық көпсалалы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары мен бухгалтер сотталды

Білім саласының тағы 11 қызметкері жемқорлық үшін сотталды

Маңғыстау колледжінде ірі көлемде қаражат жымқыру дерегі анықталды

Колледжде 243 млн теңге жымқырылған

Жамбылдық бухгалтерлер президенттен араша сұрады

Олар 4 жыл бойы алған үстемеақыларын бюджетке қайтарғысы жоқ

Степногорск тұрғыны 40 млн теңге ұрлаған

2 жыл бойы депозиттік шоттың ақшалай қаражатын мақсатсыз жұмсаған