freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АҚШ-та жоғалған қазақстандыққа қатысты СІМ мәлімдеме жасады

Оқиға
АҚШ-та жоғалған қазақстандыққа қатысты СІМ мәлімдеме жасады
Фото: threads.com/@bostonglobe

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі АҚШ-та із-түзсіз жоғалған Қазақстан азаматы Әсет Құралбайға қатысты жағдайды бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, қазақстандық дипломаттарға Чикаго қаласында жоғалған азамат туралы ақпарат белгілі.

Қазіргі уақытта Қазақстанның АҚШ-тағы дипломатиялық өкілдері америкалық құзырлы органдармен байланыс орнатып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

«Жағдай Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бақылауында», – деп хабарлады ведомстводан.

Сондай-ақ Нью-Йорктегі Қазақстанның Бас консулдығы жоғалған азаматтың туыстарымен тұрақты байланыста екені айтылды.

Бұған дейін АҚШ-та екі аптадан бері іздестіріліп жатқан Қазақстан азаматы туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған болатын. Мәліметке сәйкес, 24 жастағы Әсет Құралбай Иллинойс штатындағы Форд-Хайтс ауданында тұрған.

Ол соңғы рет 2026 жылғы 2 маусымда жақындарымен байланысқа шыққан. Ал 7 маусымнан бері оның телефоны сөндірулі күйде. Жас жігіттің жеке құжаттары мен банк карталары үйінде қалған.

10 маусым күні полиция Әсет Құралбайдың көлігін тапқан. Қазіргі уақытта оны іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу