freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада «Әділет» партиясының ІI съезі басталды

Саясат
Астанада «Әділет» партиясының ІI съезі басталды
Фото: Әділет партиясы

Съезге құрылыс, денсаулық сақтау, білім беру, көлік, телекоммуникация, туризм, кәсіпкерлік, энергетика, цифрлық технологиялар және мұнай-сервис салаларын ұсынатын ірі салалық бірлестіктердің, кәсіби қауымдастықтар мен сарапшылық ұйымдардың жетекшілері қатысуда, деп хабарлайды Malim.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Съез жұмысына «AMANAT» партиясының өкілдері де қатысуда. Партияның «Әділетке» қосылуы мәселесі делегаттардың қарауына ұсынылды.

Сонымен қатар күн тәртібіне партияның одан әрі дамуы, өңірлік филиалдар құру және ұйымдық құрылымды нығайту мәселелері енгізілген.

Еске салайық, «Әділет» партиясы түрлі кәсіби қауымдастықтар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің бастамасымен құрылған. Партияның қалыптасуы 2026 жылғы 15 наурызда қабылданған жаңа Конституциядан кейін басталған саяси жаңғыру кезеңімен тұспа-тұс келді.

2026 жылғы 7 мамырда Астанада партияның құрылтай съезі өтіп, оның ресми қызметі басталды. Ал 1 маусымда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі «Әділет» саяси партиясын мемлекеттік тіркеуден өткізді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу