freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Үйге келіп жылайды да жатады": Мақпал Жүнісованың анасы елге айтпаған құпиясын жайып салды (ВИДЕО)

Қоғам
"Үйге келіп жылайды да жатады": Мақпал Жүнісованың анасы елге айтпаған құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
Malim.kz коллажы. Суретте: Мақпал Жүнісова мен анасы

Қазақ ән өнерінің падишасы атанған Мақпал Жүнісованың анасы қатысқан әсерлі видео көпшілікке тарады. Онда әншінің қарт анасы қызының өміріндегі ауыр кезеңдерді еске алып, көз жасына ерік берген, деп хабарлайды Malim.kz.

Видеода Мақпал Жүнісованың анасы қызының қиындық көрген кездерін айтып, оның отбасына жасаған жақсылығын да тілге тиек етеді.

"Үйге келеді де, жылайды да жатады. Мақпалдың арқасында 70, 80 жасымды тойладым. Құдай солай 90 жасымды тойлауға жазсын", – дейді әншінің анасы.

Желіде тараған видеода өнер иесінің әпкелері мен сіңлілері де Мақпал Жүнісованың бауырларына әрдайым қамқор болғанын айтады.

Олардың сөзінше, әнші жақындарына тек рухани ғана емес, материалдық жағынан да көп қолдау көрсеткен.

"45-ке келсем де, әлі күнге дейін тығып беріп жатады, "өзіңе керек-жарағыңды ал" деп. Мақпал бәрімізге қамқор болды. Тіпті үйіміз бен көлігімізге дейін алып берді", – дейді сіңлілері.

Бұл видео желі қолданушыларын бейжай қалдырмай, көпшілік Мақпал Жүнісоваға жылы лебізін білдіріп жатыр.

Сонымен қатар Мақпал Жүнісова сахнадағы кәсіби шеберлігімен ғана емес, ашық мінезі, турашылдығы және әзілге жақындығымен де көпшіліктің ықыласына бөленіп келеді. Өнер иесінің түрлі шараларда әріптестеріне қалжың айтып, жұртты күлкіге қарық қылған сәттері де ел есінде. Бұған дейін әншінің Маңғыстауда өткен жеке концерті кезінде ерекше жағдайға тап болғаны, сондай-ақ Қарағандыға жасаған сапарында көңілі қалған жайттарды бөліскені туралы жазған едік. Халық әртісі өміріндегі ең ауыр кезеңдердің бірі жайлы да ашық айтып, әлеуметтік желідегі парақшасында туған ағасы Болатты еске алып, жүрек тебірентер жазба қалдырған болатын. Айта кетейік, Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Ақордада өткен салтанатты жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мәдениет қайраткерін мемлекеттік наградамен марапаттаған еді.

Мақпал Жүнісова – қазақ эстрадасының жарық жұлдызы

Мақпал Жүнісова – қазақ эстрадасының дамуына айрықша үлес қосқан, ерекше дауысымен және өзіндік орындаушылық шеберлігімен халықтың сүйіспеншілігіне бөленген танымал әнші. Ол 1963 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданына қарасты Теректі ауылында дүниеге келген.

Өнерге бала кезінен жақын болған әнші кәсіби сахнадағы жолын 1981 жылы "Қазақконцерт" бірлестігінде солист болып бастады. Кең тынысты дауысы, табиғи таланты және сахнадағы еркіндігі оның көп ұзамай елге танылуына жол ашты. Мақпал Жүнісова халықаралық сахналарда да өнер көрсетіп, қазақ әнін шетелдік көрерменге танытуға үлес қосты.

Әншінің өнердегі еңбегі ерте бағаланды. Ол 22 жасында «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» атағын алса, 31 жасында "Қазақстанның халық әртісі" атанды. Бұл марапаттар оның ұлттық мәдениет пен музыка саласындағы еңбегінің жоғары бағаланғанын көрсетеді.

Мақпал Жүнісова сахнамен қатар білім және ұстаздық бағытта да еңбек етті. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алып, кейін жас өнерпаздарға бағыт-бағдар берді. Уақыт өте келе профессор атанып, өнер жолына қадам басқан жастарға тәлімгерлік етті.

Әншінің басты ерекшелігі – жүрекке жететін сыршыл дауысы мен нәзік орындаушылық мәнері. Оның репертуарында халық әндері, романстар, эстрадалық шығармалар және джаз бағытындағы туындылар бар. Осындай жанрлық кеңдік Мақпал Жүнісованы бірнеше буын тыңдарманға жақын етті.

Бүгінде ол қазақ эстрадасының примадоннасы, "Орта Азияның бұлбұлы" ретінде кеңінен танылған. Оның концерттері әлі күнге дейін көпшіліктің қызығушылығын тудырып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп келеді. Мақпал Жүнісова – қазақ сахнасында өзіндік орны бар, халық құрметіне бөленген өнер тұлғасы.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу