freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Топырағың торқа болсын": Мақпал Жүнісова туған ағасы жайлы айтып, жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

Қоғам
"Топырағың торқа болсын": Мақпал Жүнісова туған ағасы жайлы айтып, жан сырын ақтарды (ВИДЕО)
ашық дереккөзден. Суретте: Мақпал Жүнісова

Танымал әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында туған ағасы Болатты еске алып, жүрек тебірентер жазба қалдырды, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі өз орындауындағы "Бауырымды сағындым" әнін жариялап, өмірден ерте өткен ағасына деген сағынышын жеткізді.

Әншінің сөзінше, ағасы Болат 1961 жылы туған. Ол 1983 жылы Ертіс өзенінде бір қызды құтқарамын деп суға ағып кеткен.

"Туған ағам Болат, 1961 жылғы. 1983 жылы Ертістің суында қызды құтқарамын деп бірге ағып кете барды. Топырағың торқа болсын, жан ағам", – деп жазды Мақпал Жүнісова.

Желі қолданушылары әншіге көңіл айтып, марқұмның рухына дұға бағыштады.

"Иманды болсын", "Бауырыңыздың жатқан жері жайлы болсын", "Жатқан жері жарық болсын" деп пікір қалдырды оқырмандар.

Мақпал Жүнісова – қазақ сахнасының бұлбұлы

Мақпал Жүнісова – қазақ эстрадасында өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан, халықтың ерекше ықыласына бөленген танымал әнші. Ол 1963 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданына қарасты Теректі ауылында дүниеге келген.

Өнерге бала күнінен жақын болған Мақпал Жүнісова кәсіби шығармашылық жолын 1981 жылы "Қазақконцерт" бірлестігінде солист ретінде бастады. Ерекше дауысымен, табиғи талантымен және сахнадағы өзіндік болмысымен ол көп ұзамай тыңдарман жүрегінен орын алды. Халықаралық байқауларда өнер көрсетіп, қазақ өнерінің абыройын асқақтатты.

Әншінің өнердегі жетістіктері ерте танылды. Ол небәрі 22 жасында "Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі" атағына ие болса, 31 жасында "Қазақстанның Халық әртісі" атанды. Бұл – оның қазақ музыка өнеріне қосқан еңбегінің жоғары бағаланғанының айқын дәлелі.

Мақпал Жүнісова тек сахнада ғана емес, білім мен ғылым саласында да өзін таныта білді. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алып, кейін ұстаздық қызметпен де айналысты. Уақыт өте келе профессор дәрежесіне дейін көтеріліп, жас өнерпаздарға бағыт-бағдар берді.

Әншінің басты ерекшелігі – нәзік, әсерлі әрі сыршыл лирикалық сопрано дауысы. Оның репертуарынан халық әндерін де, романстарды да, эстрадалық шығармаларды да, джаз бағытындағы туындыларды да кездестіруге болады. Осындай жанрлық кеңдік Мақпал Жүнісованың шығармашылығын байытып, оны әр буын тыңдарманға жақын етті.

Бүгінде Мақпал Жүнісова қазақ эстрадасының примадоннасы, "Орта Азияның бұлбұлы" ретінде танылған өнер иесі. Оның концерттері әлі күнге дейін көрермен тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болып, аншлагпен өтеді. Әнші қазақ сахнасында өзіндік орны бар, халық жадында ерекше сақталған тұлғалардың бірі саналады.

Сонымен қатар, өнер иесі тек сахнадағы шеберлігімен ғана емес, ашық мінезі мен әзілқойлығымен де көпшілікке жақын. Мысалы, бір шарада Тұрсынбек Қабатовқа қалжың айтып, жиналған жұртты күлкіге бөлегені есте. Сондай-ақ Мақпал Жүнісова Маңғыстауда өткен жеке концерті барысында ерекше жағдайға кезіккенін де жазған едік. Мақпал Жүнісова Қарағандыға жасаған сапары барысында көңілі қалған жайттарды бөліскенін де жазып едік. Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова өміріндегі ең қиын кезеңдердің бірі туралы сыр бөліскен болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу