Алатау және Алматы арасында аэромобиль қатынайды

Алатау қаласын дамыту мәселесі қаралды

Мәди Саматұлы

  • 09.11.2024

Вице-премьер Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен Алатауды дамыту мәселелері жөніндегі жобалық кеңсенің екінші отырысы өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Қатысушылар «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңды әзірлеу және арнайы экономикалық аймақтар бойынша заңнаманы қайта қарау жөніндегі шараларды талқылады. Бұған дейін Қанат Бозымбаев Қытайдың SDI даму институтының өкілдерімен келіссөздер жүргізіп, олар осы бағытта көмектесуге дайын екендіктерін білдірді.

Вице-премьер жаңа қаланы салу кезінде тек халықаралық стандарттарға ғана емес, сонымен қатар өз тәжірибемізге де сүйену қажет екенін атап өтті.

Бізде жаңа астананы салу тәжірибесі бар. Соңғы жылдары жаңа облыс орталығы – Түркістан қаласы бой көтерді. Бұл тәжірибе Алатау қаласына да пайдалы болуы мүмкін. Алматы облысының әкімдігіне Түркістан қаласының құрылыс тәжірибесін жан-жақты қарастыруды тапсырамын, деді Қанат Бозымбаев.

Сондай-ақ, саяжай массивтерін тұрғын үйді жаңарту бағдарламасына ұқсас заманауи тұрғын үй кешендеріне ауыстыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.  Шетелдік мамандар үшін, оның ішінде Digital Nomad Visa үлгісі бойынша жеңілдетілген визалық режим мәселесі пысықтала бастаған. Құрылыс компанияларымен EPC-келісімшарттар жасасумен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын Alatay АЭА қатысушылары үшін салық преференцияларын көздеу ұсынылды.

Алатау және Алматы қалалары арасында Urban Air Mobility (UAM) әуе көлігі үшін сынақ жасау ортасын және жұмыс тобын құру жоспарланған. Аэромобильдер жолаушылар мен жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылады.

Маңызды мәселелердің бірі жаңа қалада әлеуметтік қызметкерлердің жалақысын сақтау болды. Қанат Бозымбаев әділет, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне тиісті шараларды әзірлеуді тапсырды.

Фото: nplus1.ru

Байланысты жаналықтар

«Тосынсый жасағым келеді». Мәдина Сәдуақасова қымбат пәтер сатып алғанын айтты

02.04.2025

Астана-Алматы бағытындағы пойыз енді Шу станциясына тоқтамайды

01.04.2025

Алматыдан 178 шақырым қашықта жер сілкінді

31.03.2025

Тоқаев Алматы әкіміне қандай тапсырмалар берді?

30.03.2025

Тоқаев Мирзиёевті шығарып салды

29.03.2025

Алматыға Шавкат Мирзиёев келді

29.03.2025
MalimBlocks
«Тосынсый жасағым келеді». Мәдина Сәдуақасова қымбат пәтер сатып алғанын айтты

Өнер иесі пәтерді жақын адамына сыйламақ.

Астана-Алматы бағытындағы пойыз енді Шу станциясына тоқтамайды

Алматыдан 178 шақырым қашықта жер сілкінді

Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстандағы жер сілкінісін тіркеді

Тоқаев Алматы әкіміне қандай тапсырмалар берді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары кезінде қала әкімі Ерболат Досаевқа шаһарды жарықтандыру, пәтерлерге суды уақтылы және толық беру, көшелер мен аулаларды абаттандыру бойынша бірқатар тапсырма берді

Тоқаев Мирзиёевті шығарып салды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев​​​​​​​тің Қазақстанға жұмыс сапары аяқталды

Алматыға Шавкат Мирзиёев келді