Бектенов қаулыға қол қойды: Орман және табиғат қорғау қызметкерлерінің жалақысы өседі

Барлығы 3 300-ге жуық қызметкер қосымша ақымен қамтылатын болады.

Берік Дәулетов

  • 01.07.2024

Биылғы 1 шілдеден бастап еліміздің орман және табиғат қорғау мекемелерінің қызметкерлері лауазымдық жалақыларына үстемеақы ала бастайды. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Malim.kz.

Үкімет баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, атап айтқанда, орман және табиғат қорғау ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін, шарттары мен мөлшерін жақсарту мақсатында «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына өзгерістер енгізілді.

Құжатқа сәйкес орман өртін сөндіру стансаларының, орман мекемелерінің, табиғат қорғау және орман орналастыру ұйымдарының қызметкерлері лауазымдық жалақыларына 100%-ға дейін үстемеақы алады. Олардың ішінде орман өртін сөндірушілер, өрт сөндіру машиналарының жүргізушілері, тракторшы-машинистер, радиооператорлар, өрт сөндіру машиналарын, жабдықтары мен аппаратураларын жөндейтін слесарmлар, өрт-бақылау мұнарасының бақылаушылары бар.

Сондай-ақ 113 авиациялық күзет өрт сөндіруші-десантшысының жалақысы көтеріледі.

Қаулыны іске асыруға 2024-2027 жылдарға арналған республикалық бюджеттен 8 480,1 млн теңге көлемінде қаржылық шығындар көзделген.

Барлығы 3 300-ге жуық қызметкер қосымша ақымен қамтылатын болады.

Жергілікті атқарушы органдардың орман шаруашылығы мекемелерінің орман өртін сөндіру стансаларының 1619 қызметкеріне қосымша ақы төлеуді қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоспарланады.

Бұған дейін ҚР Парламенті Сенатының депутаты О. А. Булавкинаның сұрауына жауап бере отырып, Үкімет басшысы орман және табиғатты қорғау мекемелерінің барлық қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесі өзінің тұрақты бақылауында екенін және тиісті қаулының жобасы дайындалғанын айтты. Депутат «Семей орманы» РММ Бородулиха филиалының қызметкерлері үшін қосымша ақылар тақырыбын көтерді.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың шілдесінде Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың тапсырмасын іске асыру аясында орман құрылымдары қызметкерлерінің өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін жұмысы үшін лауазымдық жалақыларына 100% үстемеақы белгіленді.

Фото: aviales.kz

Байланысты жаналықтар

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

17.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

16.05.2025

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

Мыңнан аса қызметкер жалақысыз жұмыс істеген

14.05.2025
MalimBlocks
Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

Мыңнан аса қызметкер жалақысыз жұмыс істеген