457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Елімізде адамдарға несие беруді қатаңдату ұсынылды

Сенатта қазақстандықтардың шамадан тыс несие алу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазір бір адам бірнеше банктен немесе микроқаржы ұйымынан бір мезетте несие рәсімдей алады бұл жағдайды мамандар қаржылық алаяқтықтың бір түрі деп бағалап отыр.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі аталған жағдайларды анықтау үшін арнайы антифрод-орталық құруды көздеуде. Агенттік төрағасының орынбасары Олжас Қизатовтың айтуынша, бұл жүйе арқылы банктер кімнің қай ұйымға несиеге өтініш бергенін көре алады.

Ұлттық банк өкілдері де жыл соңына дейін алаяқтарды ерте анықтауға көмектесетін жаңа алгоритмдер енгізілетінін мәлімдеді. Регулятордың орынбасары Берік Шолпанқұловтың айтуынша, азаматтар телефон арқылы алаяқтың белгілерін ертерек түсінетін болады. Сонымен қатар банктерге клиенттің шотын уақытша бұғаттап, оны жақын туысымен бірге шақырып, әрекетінің ерікті екенін растау құқығы берілмек.

Сенаторлар жеке тұлғалар үшін несиелеу шарттарын қатаңдатуды қолдаса, нақты секторды қолдау үшін несие қаражатының бір бөлігі тұтынушылық мақсаттан гөрі экономиканы дамытуға бағытталуы керек екенін атап өтті.

Фото: pixabay.com