Kaspi.kz-те жәрдемақы, жұмыссыздық төлемдеріне өтініш беруге болады

Енді Kaspi.kz-те көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы мен жұмыссыздық бойынша төлемдерге өтініш беруге болады

  • 27.11.2023

Kaspi.kz мемлекеттік органдармен бірлесіп қазақстандықтар үшін мемлекеттік қызметтерді барынша қолжетімді ету жұмыстарын жалғастырып жатыр.  Енді ең танымал мобильді қосымшада көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларға және жұмысынан айырылған кезде төленетін төлемдерге өтінім беруге болады. Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:

«Мемлекеттік органдарға қазақстандықтардың өмірін жақсартатын инновациялық сервистерді құруға көмектесіп жатқанымызды мақтан тұтамыз. Жаңа сервисті іске қосу үшін Еңбек министрлігімен, Еңбек ресурстарын дамыту орталығымен, Цифрландыру министрлігімен және ҰАТ АҚ-мен бірлесіп жұмыс істедік. Енді көпбалалы ата-аналар, сондай-ақ жұмыс іздеп жүрген адамдар өз смартфонының экранында мемлекеттік жәрдемақыға өтінімді ресімдей алады. Осы ыңғайлы сервисті құруға қатысқан әр адамға мың алғыс!»

Әлихан Әбілғазиев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаментінің директоры: «ЕДБ мобильді қосымшаларында қолжетімді әлеуметтік-еңбек саласының мемлекеттік қызметтерінің ауқымы кеңеюде. Жалпы азаматтар үшін қызметтердің қолжетімділігін арттыру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіліп отыр. Мысалы, 2021 жылдан бастап екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы қызмет көрсете бастадық – бұл бала тууға және бала күтіміне байланысты жәрдемақыны, сондай-ақ бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем болды. Содан бері ЕДБ-мен ынтымақтастығымыз жалғасып келеді. Бүгінгі таңда министрліктің тоғыз қызметі ЕДБ қосымшаларында азаматтар үшін қолжетімді. 2023 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша министрлік қызметінің 43,6% -ы (6,7 млн) ЕДБ арқылы көрсетілген»

Айнұр Юсупова, Цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті төрағасының орынбасары: «Мемлекеттік қызметтерді алу үшін әртүрлі платформаларды таңдау мүмкіндігімен азаматтар үшін қолайлылықты арттыру, қызмет көрсетудің бірыңғай нүктесіне тәуелділікті жою, сондай-ақ халықтың арасында мемлекеттік қызметтерді алу деңгейін арттыру үшін министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, танымал мемлекеттік қызметтерді сыртқы платформаларға, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларына шығару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әлеуметтік маңызды қызметтерге басты назар аударылады, бүгінгі таңда бұл көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы мен жұмысынан айырылған кезде төленетін төлемдер. Басқа қызметтер де жоспарланған. Аталған шаралар мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттырады және азаматтарға үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік береді. Kaspi Гид бөлімінен  Көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақыларға және Жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға қалай өтініш беру керектігі туралы толығырақ оқыңыз.

Байланысты жаналықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені қабылдады

21.08.2024

Балаға арналған Kaspi Gold-ты қамқоршылары да аша алады

19.09.2023

Қазақстандықтар өрттен зардап шеккендерге Kaspi.kz-пен бірге 200 млн теңге жинады

15.06.2023

Енді Kaspi.kz-те тұрғылықты жері бойынша тіркелуге болады

06.06.2023

Kaspi.kz E+Awards халықаралық маркетинг байқауында гран-при мен екі «алтын» жүлдеге ие болды

04.05.2023

Kaspi.kz тур таңдап, сатып алуға болатын сервисті іске қосты

11.04.2023
MalimBlocks
Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені қабылдады

Президентке Kaspi.kz компаниясы қызметінің нәтижелері мен шағын және орта бизнесті дамытуға арналған жаңа сервис құру жоспары жөнінде мәлімет берілді.

Балаға арналған Kaspi Gold-ты қамқоршылары да аша алады

Қорғаншылар мен қамқоршылар өз қамқорлығындағы балаға Kaspi Gold аша алады.

Қазақстандықтар өрттен зардап шеккендерге Kaspi.kz-пен бірге 200 млн теңге жинады

Kaspi.kz ниет білдіргендердің барлығы өрттен зардап шеккендерге көмектесе алуы үшін Ұлттық волонтерлік желімен бірге онлайн, мобильді қосымша арқылы тез арада қаражат жинауға мүмкіндік жасады.

Енді Kaspi.kz-те тұрғылықты жері бойынша тіркелуге болады

Kaspi.kz ІІМ Көші-қон қызметі комитетімен, Әділет министрлігімен, Цифрландыру министрлігімен, АӨО РМК және ҰАТ АҚ-пен бірлесіп жаңа сервисті іске қосты.

Kaspi.kz E+Awards халықаралық маркетинг байқауында гран-при мен екі «алтын» жүлдеге ие болды

Орталық Азияда алғаш рет ең тиімді жарнамалық науқандар, маркетингтік және коммуникациялық шешімдерге арналған E+Awards халықаралық байқауы өтті.

Kaspi.kz тур таңдап, сатып алуға болатын сервисті іске қосты

Kaspi.kz саяхатқа шыққанды ұнататындар үшін жаңа сервисті қосты. Енді Kaspi Travel бөлімінде ұнаған турды таңдап, сатып алуға болады.