Олжас Бектенов: Үкімет экономикалық патриотизм қағидатын қатаң ұстанады

Үкімет отырысында Премьер-Министр осылай деді.

Malim Админ

  • 13.08.2024

«Үкімет экономикалық патриотизм қағидатын қатаң ұстанатын болады. Біз қашанда отандық өндірушіні қолдаймыз. Бұл – әрбір әкімнің, әрбір салалық министрдің міндеті. Ол тек сөз жүзінде ғана емес, нақты іс жүзінде орындалуға тиіс. 
Импортты алмастыру жұмыстарын, оның ішінде офтейк-келісімшарттар арқылы жандандыра түсу қажет. Бұл отандық компанияларға өздерін алдағы бірнеше жылдар бойына тапсырыстармен қамтамасыз етуге, жаңа өндірістерді кеңейтуге және игеруге мүмкіндік береді», — деп атап өтті Олжас Бектенов бүгін Үкімет отырысында.
 

Оның атап өтуінше, кәсіпорындардың қызметіне мониторинг жүргізу салық және кеден қызметтері, еңбек инспекциялары мен басқа да мекемелер тарапынан бақылау жасалатын цифрлық скрининг негізінде жүзеге асырылатын болады.

«Мұндай скрининг сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін онлайн форматта өтеді. Жалпы үйлестіруді Өнеркәсіп министрлігі жүзеге асырады. Үкімет экономикалық патриотизм қағидатын қатаң ұстанады. Біз қашанда өзіміздің отандық өндірушілерді қолдайтын боламыз. Бұл – әрбір әкімнің, әрбір министрдің міндеті. Біз бұл жайлы үнемі айтып жүреміз. Ол тек сөз жүзінде ғана емес, нақты іс жүзінде орындалуға тиіс», - деді ол.

Олжас Бектенов импортты алмастыру жұмыстарын, оның ішінде офтейк-келісімшарттар арқылы жандандыра түсу қажеттігін баса айтты.

«Бұл отандық компанияларға өздерін алдағы бірнеше жылдар бойына тапсырыстармен қамтамасыз етуге, жаңа өндірістерді кеңейтуге және игеруге мүмкіндік береді. Мемлекеттік сатып алу аясында тек қана жергілікті өндірушілерден сатып алынатын отандық тауарлардың тізбесі айқындалды. Ірі мұнай-газ жобаларындағы негізгі жер қойнауын пайдаланушылар қазірдің өзінде отандық тауар өндірушілермен жалпы құны 240 млн долларды құрайтын келісімшарттарға қол қойды. Бұл жұмысты жалғастыратын боламыз», - деді Үкімет басшысы.

Фото: primeminister.kz

Байланысты жаналықтар

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

17.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

16.05.2025

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

Бектенов ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

09.05.2025
MalimBlocks
Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

Бектенов ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды