Қазақстандықтар ет бағасы тоқтаусыз өсіп жатқанын айтып, дабыл қақты

Арман Қайыпхан

  • 16.02.2025

Қазақстанның көп өңірінде сиыр етінің құны 3 мың теңгеден асып жығылды, деп хабарлайды Malim.kz Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.

Жылқы мен қой етінің құны да шарықтап кеткен. Сатушылар қымбатшылықты тапшылықпен байланыстырып отыр. Ал сарапшылар ет бағасы әлі де көтеріледі деп болжайды. Себебі бұл өнімге өзге елден сұраныс күрт артқан. 

Рамазан айы жақындаған сайын еттің бағасы ырық бермей өсіп жатыр. Баға барлық өңірде көтерілген. Әсіресе, сиыр мен жылқы етін арзанға табу қиын.

"Бәрі қымбат. Тапқан табысымыздан артылмайды. Әрине, еттің арзан болғанын қалаймыз", –деді ақтөбелік тұрғын.

Тағы бір тұрғын барлық жерде осы баға екенін, көнуге тура келетінін айтады. Өзінің ауылда тұрғанын еске алып, малдың жем-шөбі де қымбат екенін атап өтті. Тұрғындар жаңа жыл басталғалы бері етті жоғары бағамен әкелетіне наразы. 

Ал сатушы Лиза Қожаева жылда шетелден, әсіресе, Беларусьтен, Ресейден келетінін еске салды. Оның айтуынша, биыл сырттан ет жеткізілмеген. 

"Қазір етті жеке шаруақожалықтарынан қабылдап жатырмыз. 2 600 теңгеден алсақ, оны 2 800 теңгеге дейін көтереміз. Мысалы, етке 20% қоса алмаймыз", – деді Лиза Қожаева.

Кейінгі уақытта Жезқазған мен Көкшетау қалаларында еттің бағасы 4%-ға өскен. Ірі қараның бағасы 3 мың теңгеден асып кеткен. Ал мұны сарапшы Марлен Баймағамбетов етке экспорттың өсуімен байланыстырады. 

"Өзбекстан арқылы біздің көптеген ірі қара мал сыртқа шығып кетті. Біздің жағдайымызды жасай алмады. Осылайша сол елден Араб елдеріне қой еті тасымалданып жатыр. Сондықтан қазір елімізде ет тапшылығы болып жатыр", – деді агросарапшы.

Деректерге сенсек, былтыр ет экспорты 73 мың тоннаға жеткен. Қазақстан бұл өнімді, әсіресе, Өзбекстан, Тәжікстан мен Ресейге жібереді. 

Еске салайық, бұған дейін 2025 жылдың 18 қаңтарынан бастап Қазақстаннан көліктің барлық түрлерімен картопты әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салынғанын жаздық. Бұл шектеу Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспортты қоспағанда, басқа елдерге көкөніс тасымалдауға қатысты енгізілді.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Мәсімовтің сатылымға шығарылған зәулім сарайының бағасы арзандады

21.04.2025

Ипотекаға алған пәтерді жалға беру заңсыз болып саналады - заңгер

18.04.2025

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

16.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Мұнай бағасы 2021 жылдан бері алғаш рет ең төмен деңгейге түсті

07.04.2025
MalimBlocks
Мәсімовтің сатылымға шығарылған зәулім сарайының бағасы арзандады

Алғашқы жарнасы 117,9 млн теңге

Ипотекаға алған пәтерді жалға беру заңсыз болып саналады - заңгер

Бұл туралы заңгер түсіндірді

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Мұнай бағасы 2021 жылдан бері алғаш рет ең төмен деңгейге түсті

Brent маркалы мұнайдың бағасы 2021 жылғы сәуірден бері алғаш рет 64 доллардан арзандады