Қазақстандықтардың азық-түлікке қанша ақша жұмсайтыны белгілі болды

Былтыр алғашқы тоқсанда қазақстандықтан азық-түлік пен сусынға орташа есеппен жан басына шаққанда 123,1 мың теңге жұмсаған.

Берік Дәулетов

  • 12.07.2024

Орта стастикалық қазақстандық биылғы жылдың алғашқы тоқсанында азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға 131,3 мың теңге жұмсаған, деп хабарлайды Malim.kz.

Finprom.kz жазуынша, бұл - былтырғы көрсеткіштен 6,7% көп. Былтыр алғашқы тоқсанда қазақстандықтан азық-түлік пен сусынға орташа есеппен жан басына шаққанда 123,1 мың теңге жұмсаған. Жылдық өсім 21,1% құрады.

Тамақ пен сусынға ең көп ақша жұмсайтын Алматы қаласы болып шықты. Онда бірінші тоқсанда жан басына шаққанда 181,5 мың теңге тамаққа жұмсалған. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 7,7% көп. Республикадағы орташа мәнмен салыстырғанда алматылықтар тамаққа 38,2% көп ақша кетірген.

Екінші және үшінші орында Шығыс Қазақстан (152,1 мың. тг, плюс 4,1%) және Маңғыстау облыстары (146,7 мың. тг, плюс 6,7%) тұр. 

Тамаққа ең аз ақша жұмсаған Қызылорда (жан басына шаққанда 104,6 мың. тг), Ақтөбе (106,4 мың тг), Түркістан (110,4 мың тг) облыстарының тұрғындары болып шықты. 

Ең үлкен жылдық шығын Жетісу облысында (19,8%, жан басына шаққанда 141,3 мың тг дейін), ең азы Ақмола облысында (1,2%, 112,4 мың тг дейін) тіркелген. 

Қазақстандықтар азық-түлік пен сусындарға кеткен ақшаның үштен бірін ет пен ет өнімдеріне жұмсаған: жан басына шаққанда 43,3 мың теңге, былтырғы жылмен салыстырғанда 6,4% көп.

Нан мен жарма өнімдеріне (адам басына 20,5 мың тг, жылына плюс 8,6% ), сүт өнімдеріне (14,5 мың тг, плюс 7,7%) де көп шығын кеткен. Бестікті жеміс-жидектер (жан басына шаққанда 11,6 мың тг) мен көкөністер (8,9 мың тг) түйіндеп тұр. 

Қант, кондитерлік өнімдер мен тәттілерге қазақстандықтар орташа есеппен бір тоқсанда адам басына шаққанда 8,7 мың теңге, майға — 6,7 мың тг, балық пен теңіз өнімдеріне — 5,9 мың тг, алкогольсіз сусындарға — 5,8 мың тг, жұмыртқаға — 3,3 мың тг жұмсаған. 

 

Фото: opennews.kz

Байланысты жаналықтар

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

14.05.2025

Елімізде бала туу көрсеткіші күрт төмендеген

14.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады

Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

Елімізде бала туу көрсеткіші күрт төмендеген

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды