Қырғызстан биыл 600 млн текше метрден астам су жіберетін болды

Сабина Асқарқызы

  • 28.04.2025

Сәуір айының соңынан бастап Қырғыз Республикасы Қазақстанға Талас өзені арқылы тағы 400 млн және Шу өзені арқылы 180 млн текше метр су жібереді, деп хабарлайды Malim.kz.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметі бойынша, министр Нұржан Нұржігітов пен Қырғыз Республикасының министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрі Бақыт Торобаев Шу және Талас өзендеріндегі мемлекетаралық су шаруашылығы құрылымдарын пайдалану жөніндегі қазақ-қырғыз комиссиясының 35-отырысында осы жөнінде келісімге келген.

Бұл су Жамбыл облысындағы ауыл шаруашылығы алқаптарын суаруға жұмсалады.

Сонымен қатар, тараптар қоршаған ортаны қорғау және су сапасын бақылау бойынша бірлескен жұмыс тобының қызметін талқылады. Отырысқа Сыртқы істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Жамбыл облысы әкімдігі өкілдері қатысты.

Комиссияның тең төрағалары – ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров және Қырғыз Республикасының Су ресурстары қызметінің директоры, министр орынбасары Нұрлан Жұмаев.

Былтыр қырғыз әріптестерімізбен бірлескен жұмыстың арқасында Жамбыл облысының диқандарын суармалы сумен толық қамтамасыз еттік. Мысалы, Талас өзені арқылы Қазақстанға жоспарланған 380 млн текше метрдің орнына 418 млн текше метр су келді. Ал Шу өзені арқылы 165,3 млн текше метр су келді, бұл бір жыл бұрынғы көлеммен салыстырғанда 29,7 миллионға артық, – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Фото:  Pexels

Байланысты жаналықтар

Жезқазғандағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға қанша бөлінді?

19.05.2025

Өзеннен арқанмен өтпек болып, суға құлап кеткен әскери қызметкердің денесі табылды

15.05.2025

Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

15.05.2025

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

15.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Өзеннен арқан арқылы өтпек болған адам суға құлап жоғалды

12.05.2025
MalimBlocks