Салық төлеудегі жаңа талаптар: не өзгереді?

Мемлекеттік кірістер комитеті бюджетке төлемдер жасау кезінде жаңа талаптар туралы айтты

Сұлу Бөлек

  • 08.04.2025

Мемлекеттік кірістер комитеті бюджетке төлемдер жасау кезінде жаңа талаптар туралы айтты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

2025 жылғы 13 қаңтардан бастап Қазақстанда Қазақстан Ұлттық Банкінің жүзеге асыруымен ISO 20022 халықаралық стандартты төлем хабарламаларының форматы енгізілді.

"Өтпелі кезең елдің төлем жүйелерін, екінші деңгейлі банктердің ақпараттық жүйелерін және басқа төлем нарығының қатысушыларын қамтиды. Осыған байланысты Қазақстан аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларына (Қазақстан Ұлттық Банкінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 Қаулысымен бекітілген) өзгерістер енгізілді, сондай-ақ, бюджетке төлемдер жасау үшін жаңа төлем тапсырмасының формасы бекітілді", - делінген хабарламада. 

Қандай өзгеріс болады?

Негізгі өзгеріс – жаңа "Нақты төлеуші" графасы.

Салықтар мен төлемдердің бюджеттің дұрыс есепке алынуы үшін оны толтыру тәртібіне назар аударамыз:

  1. Заңды тұлғалар өздерінің құрылымдық бөлімшелері үшін салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеген кезде жиынтық төлем тапсырмасының "Нақты төлеуші" бағанында тиісті құрылымдық бөлімшенің атауы мен БСН көрсету қажет.
  2. Сот орындаушылары борышкерлердің міндеттемелері бойынша төлемдерді аударған кезде төлем тапсырмасының "Нақты төлеуші" бағанында борышкердің ТАӘ және ЖСН көрсету қажет. 

Маңызды! "Нақты төлеуші" графасында мәліметтердің дұрыс көрсетілмеуі қаражаттың дұрыс есепке алынбауына және қарыздың пайда болуына әкелуі мүмкін.

Қандай ұсыныстар айтылды?

  1. Ұлттық Банк талаптарын төлем тапсырмаларын толтыруда қатаң сақтаңыз;
  2. Кез келген сұрақтар туындаған жағдайда – екінші деңгейлі банктерге жүгініңіз;

Комитет салық төлеушілерді төлем құжаттарын рәсімдеу кезінде мұқият әрі жауапты болуға шақырады. 

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда зейнетақы өсетін болды

12.04.2025

Лотерея ұйымдастырған блогерлерге қылмыстық іс қозғала ма?

10.04.2025

Елімізде енді ажырасу да қымбаттамақ

09.04.2025

Салық төлемейтін борышкерлердің тізімі жарияланады - Қаржы министрлігі

09.04.2025

Үкіметі құрылыс салушылар үшін салық жеңілдіктерін алып тастауды ұсынды

09.04.2025

Қазақстанда салық саны қысқарады

09.04.2025
MalimBlocks
Қазақстанда зейнетақы өсетін болды

Лотерея ұйымдастырған блогерлерге қылмыстық іс қозғала ма?

Қазақстанда кейбір блогерлерге қатысты тексерулер басталады

Елімізде енді ажырасу да қымбаттамақ

Салық төлемейтін борышкерлердің тізімі жарияланады - Қаржы министрлігі

Үкіметі құрылыс салушылар үшін салық жеңілдіктерін алып тастауды ұсынды

Үкімет мәліметінше, олар көбіне салық төлеуден жалтару үшін пайдаланылды

Қазақстанда салық саны қысқарады

Қазақстанда салық саны қысқарады. Бұл туралы еліміздің вице-премьері, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді